Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты


Электр құрылғыларын тізбектей қосу



бет81/132
Дата07.01.2022
өлшемі8,7 Mb.
#18780
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   132
Электр құрылғыларын тізбектей қосу.

г ь
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…


Электр құрылғыларын параллель қосу.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…



1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…

А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,

q – заряд;

U –кернеу.


Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

ХБЖ-де электр тогының жұмысы 1Дж=1Аּּ1с.

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.



1Вт=1Аּ1В.

Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет