« Алақан» тренингін ұйымдастыру. 1.Жасыл түсті алақанды көрсетеді , бір біріне қол беру арқылы , амандасу.
2.Сары түсті көрсеткенде құшақтасып амандасады
3.Көк түсті алақан көрсеткенде мұрындарын түйістіріп амандасады.
Қатысушы әріптестер екі қатар бір -біріне қарама қарсы тұрады, коучтың көрсетуі бойынша тапсырмаларды орындайды.
нәтижесі
Мұғалімдердің бойында еркіндік пайда болып, көңіл-күйлері көтеріледі.
Топқа бөлу (3 мин)
Шағын топқа бөлу.
Алақандар /сары ,көк ,қызыл/ түстерін таңдату арқылы шағын үш топқа бөлу.
Алақан түстеріне байланысты 3 топқа бөлінеді.
нәтижесі
Топқа бөліну арқылы ынтымақтасқан шағын орта құрылады.
1.Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.
2.Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.
Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.
нәтижесі
Өзара ортақ шешім қабылдап, лидерлер анықталады.
Диалог (4 минут)
Сұрақтар арқылы диалогке түсу
1.Топтық талқылауды қалай жақсартуға болады?
2.Диалог дегенді қалай түсінесің?
3.Диалогтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған?
4.Сыныпта болатын әңгіменің қандай түрлерін білесіңдер?