Сабақ тақырыбы: §


VI. Есептер шығару. №10.2.1, №10.2, №10.2.3



бет87/102
Дата28.11.2022
өлшемі18,15 Mb.
#53300
түріСабақ
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
Байланысты:
Саба та ырыбы тербелмелі контурда ы электромагниттік тербеліст

VI. Есептер шығару. №10.2.1, №10.2, №10.2.3.
Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §10.2. Мазмұндау. №10.2.4, №10.5, №10.2.6.


11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §10.3. Айнымалы жұлдыздар.
Сабақ мақсаты:

    1. Оқушыларға айнымалы жұлдыздар туралы түсінік беру.

    2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

    3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассета.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Жұлдыздар қандай энергия көздерінің есебінен жарық шығарады?

  • Аса жаңа жұлдыз ретінде тұтанғаннан кейін жұлдыздың орнына не қалады?

  • Герцшпрунг- Ресселл диаграммасының бас тізбегіндегі жұлдыздардың орны неге тәуелді?

  • Жұлдыздарда қандай реакцияның есебінен темір элементінен жеңіл химиялық элементтер пайда болады?

  • Жұлдыздың беткі қабатының температурасын қалай анықтауға болады?

  • Пульсар деген не?

  • Қара құрдым деген не?

  • Егер жұлдыздың сәуле шығару максимумы 400 нм толқын ұзындығына сәйкес келсе, оның температурасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Кейде жұлдыздарың жылтырауы өте тез өзгереді де, оның периодтылығы сақталмайды, ал кейде жұлдыздардың жылтырауының өзгерісі периодты болады. Мұндай жұлдыздарды айнымалы жұлдыздар деп атайды.
Оптикалық қос жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен өте алыста орналасқан, бірақ аспан сферасында проекцияланатын жұлдыздар.
Ортақ массалар центрінен айналып жүретін қос жұлдыздар физикалық деп аталады.
Айнымалы жұлдыздар үш топқа бөлінеді:
Тұтылмалы айнымалылар;
Лүпілдек айнымалылар;
Жарылатын айнымалы.
«Алголь жұлдызының жылтырау өзгерісінің» графигі: (Д.Гудрайк зерттеді 1764-1786 жж).

Массаларының ортақ центрінен айнала отырып, екі жұлдыз периодты түрде кезекпен тұтылады. Қос дұлдыздың ең жарығы тұтылғанда Жер бетінде жылтыраудың әодеқайда терең минимумын көреміз және керісінше.
1956 ж. Д. Фабрициус Кит шоқжұлдызындағы бір жұлдыздың айнымалы екенін ашты. Оның жарқаруы 331,65 тәулік ішінде 1600 рет өзгереді. 1884 ж. Цефей шоқжұлдызындағы бір жұлдыздың жылтырауының периодты өзгеретінін Гудрайк байқады. Жұлдыздардың жылтырауының өзгерісі олардың қойнауларынан беткі қабатқа ыстық газдардың атқылауынан болуы мүмкін.

Р лүпілдеу периоды: .
Айнымалы жұлдыздардың үшінші түрі ХХ ғ. табылды.Жарылыс уақытнда жұлдыздың жылтырауының өзгерісі жақсы зерттелген белгілі бір деңгейге дейін көтеріледі.



Неғұрлым жылтырау периоды үлкен болса, соғұрлым қатты жарқырайды.



Айнымалы жұлдыздарды зерттеу жақын немесе алыс қашықтықтағы жұлдыздардың абсолют жарқырау, массаларын, өлшемдерін басқа да маңызды қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет