Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет165/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   191
2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


ІІ. Дәйек сөз.

Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін.      И.Гете   -Балалар, осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)





ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

 Адамның үлкендермен, құрбыларымен,  жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда  киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігі танытады. Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлесуіне байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір  адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы , жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады.

Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы берілген «Студент қыздың әңгімесі.» атты үзіндіні  оқып талдау .

Мәтінге байланысты сұрақтар:

-Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырады? -Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз? Жағдаяттарды шешу: 

Оқулықта берілген жағдаяты оқушылар оқып талдау ды ұсынамын.

-Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін    қалай көмектесуге болады?

-Назымға қандай кеңес берер едіңіз ?

Ережені есіңде сақтай жүр:

  • Қоғамдық орындарда,  көшеде:

  • Біреді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.

  • Адамдарды  немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.

  • Тесіле қарама,адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.

  • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.

  • Есікті қағып кір.

  • Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады.

Іс сапарда:

  • Жолға шыққанда соған лайық киін.

  • Саяхаттану барысында жалпыға ортақ киім киген дұрыс

  • Шет елге саяхатқа шыкканда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді  танитынын ұмытпа

Театрда:

  • Театрға 10-15 минут бұрын келіп, спектакл басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге,  бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып, отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық турады. Әдеп әлеміне барар жол: Сана, мәдениет, ізет, парасат, тәрбие, өмір сыны, мінез, намыс,әдемі сөз, отаншылдық сезім. Оқушылардан әр сөздің мағынасына тоқталып өту. Сабақты қорыту :жаңа сабақты бекіту.   Берілген сөздерді  барлығы хормен  айтады.        




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет