Сабақ түрі Аралас Мақсаты, міндеттері


Бенеролик. «Саяси тәртіп ұғымы»



бет3/6
Дата20.04.2023
өлшемі349,74 Kb.
#84845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Бенеролик. «Саяси тәртіп ұғымы»
Бекіту тапсырмасы. «Саяси тәртіп» ұғымына кластер жасау




  1. Демократиялық саяи тәртіп мұндай тәртіпте ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады.

Демократия деген сөз ежелгі гректердің "демос"— халық және "кратос"— билік деген мағынаны білдіретін сөздерінен шыққан.
Жалпы демократияның көпшілікке белгілі нақты анықтамасы жоқ. Себебі кез келген заманның ойшылдары оны әр түрлі түсініп қабылдаған. Сонымен қатар, оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи, рухани ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлі болуына қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Оларға мыналар жатады:
1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.
2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми мойындау.
3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы.
4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).
5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.
6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.
7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.
8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.
9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық.
10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түріңде қызмет етіп, дамиды. Әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін саяси режим ретіндегі демократияның басты принциптері бар.
1. Еркіндік принципі - бұл принциптің салтанат құруы саяси режимнің креативті әлеуетін көтереді. Адамның қоғамдық істерді басқаруға қатысу мүмкіншілігі кеңейе түседі. Тұлға өз ойын айтуға және өзін танытуға кең мүмкіндік алады және ол тек Құқықтық нормалармен ғана шектеледі.
2. Саяси бәсекелестік – Мұнда қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы халықтың назарын өздеріне аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді.
3. Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті - Мұнда демократияның саяси жүйе ретінде беріктіктің, тұрақтылықтың қажетті қорына ие бола отырып, сыртқы өсерлерді белсенді қабылдауы мүмкіндігімен, оларға лайықты жауап бере алуымен, тіпті кажет болған жағдайда бейімделуімен, өзін-өзі жетілдіруімен анықталады.
4. Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм – Мұнда әрқилы саяси тенденциялар мен олардың ұйымдық калыптасуы, саяси ойлары, әрекеттері пайда болатын көпсубъектілі қоғам ретінде сипаттайды. Мемлекеттік билік азаматтық қоғам институттарының бақылауында болады, себебі олар мемлекеттік биліктің калыптасуына, оның саясатын түзеп, жузеге асуына белсенді түрде ат салысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет