Сабақ түрі Аралас Мақсаты, міндеттері



бет1/6
Дата20.04.2023
өлшемі349,74 Kb.
#84845
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Саяси тәртіп
Ашық сабақ жоспары



Калыбаева Асмира Сармантаевна
Түркістан облысы, «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК
Саясаттану пәні оқытушысы



  1. Жалпы мәліметтер

2022 – 2023 оқу жылы, 30.03.2023 ж., 4-курс, ТР-941 тобы
Сабақ түрі Аралас

  1. Мақсаты, міндеттері: Саяси тәртіп, оның түрлері, ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының саяси тәртібі туралы білімдерді меңгерту

  2. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдырлар тізбесі

Саяси тәртіптің түрлерін ажыратады, сипаттайды, Қазақстан Республикасының саяси тәртібін біледі, демократиялық тәртіптің негізгі белгілерін біледі

  1. Сабақтың технологиясы мен әдіс тәсілдері:

ІТ технологиялар, рольдік ойын, оза оқыту технологиясы, бөлшектеп оқыту технологиясы, СТО технологиясы
5. Сабақты жабдықтау
Тақта, бор, оқулықтар, интербелсенді тақта, компьютер,  
6. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. Жамбылов Д., Саясаттану. – Алматы, 2011ж.

  2. Кенжебаев С., Саясаттану негіздері. –Алматы, 1998 ж

  3. Рахымбаева А. Саясаттану. – Астана 2016 ж.

  4. Қазақстан республикасының Конституциясы 31.08.1995

  5. «Қазақстан Республикасындаға Сайлау туралы» Конституциялық заң 28.09.1995

7. Сабақтың барысы
Сабақты ұйымдастыру:

  1. Студенттердің көңіл күйлеріне назар аудару

  2. «Елге тілек». Жалауша беру арқылы студенттер бір-бірлеріне, елімізге деген жылы тілектерін білдіреді.

  3. Өткен сабақты қайталау.

1-тапсырма. Ал, балалар, өткен сабақты еске түсіру үшін экранға назар аударыңыздар. Бізге қызықтырақ болу үшін, үй тапсырмасы бойынша кім жауап беретіндігін өздеріңіз анықтап отырасыздар. Ол үшін экрандағы ұяшықтарды таңдаймыз, ұяшықта бізге кім жауап беретіндігі ашылады. Ал, ендеше кеттік, ұяшықты таңдайық.
1-сұрақ. Қоғамның саяси өмірі деп нені айтамыз?
2-сұрақ. Мемлекеттің қызметтері.
3-сұрақ. Мемлекеттің басқару формасы бойынша түрлері.
4-сұрақ. Мемлекеттік құрылыс түрлері?
5-сұрақ. Биліктің тармақтарын ата
6-сұрақ. Монархиялық құрылыс
2-тапсырма. Ал енді келесі тапсырмамызда, біз ұяшықтардан сұрақтарды таңдаймыз. Экрандағы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауаптар береміз.

  1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

  2. Мемлекеттің белгілерін атаңыздар

  3. Федерациялық басқару түрі

  4. Монархиялық құрылыстың түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет