Сабақтың ортасы
Мағынаны тану
05-15 мин
15-20 мин
20-35 мин
35-39 мин
|
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
«Әңгімені кадрлап бөлу»
(Т) Топтарға Ұлы жүз аймағының Ресей империясының құрамына қосылу ерекшеліктері туралы ақпарат жазылған бытыраған карточкалар таратылады. Жүйесіз мазмұндағы бытыраған карточкаларды оқушылар мазмұнына қарай рет-ретімен орналастырып, жүйелі мәтін құрады және құрылған мәтін мазмұнын оқып шығады, топ ішінде талқылайды. Орындалған тапсырманың «дұрыс, «бұрысын» тексеру үшін мұғалім тақтаға карточкалардың дұрыс орналасу ретін жазады да, қалған топтар (сағат тіліне орай, 1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 1-топты) бір-бірін тексеріп шығады, бұрысы болса, дұрыс жауапқа қарай қатесін түзетеді. (Уақыт жеткілікті болған жағдайда әр топ берілген тапсырмаға сәйкес игерген ақпараттарын сыныптастарымен бөлісуге, яғни жүйелі құрылған мәтін негізінде тарихи процесс желісін сынып алдында әнгімелеуге болады. Мұғалім топтардың игерген ақпаратын сынып алдында баяндау барысында кез-келген тұстан тоқтатып, келесі топтың жалғастыруын сұрауы тиіс.Топтар бір-бірін бағалайды.)
Тапсырманы орындағаны үшін әр топқа 7 минут, орындаған тапсырмаларын тексеру үшін 13 минут беріледі.
1-топ. Кіші жүз
2-топ. Орта жүз
3-топ. Ұлы жүз
Дескрипторы:
Әр топ Ұлы жүздің Ресейге қосылуының кемінде 1 ерекшелігін түсіндіреді;
|