Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


-сабақ. PISA оқу сауаттылығының «табу және іріктеп алу» құзыреттілігі



бет25/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
5-сабақ. PISA оқу сауаттылығының «табу және іріктеп алу» құзыреттілігі.

Сабаққа шолу



Сабақтың тақырыбы:

PISA оқу сауаттылығының «табу және іріктеп алу» құзыреттілігі



Сабақтың мақсаты:

  • «табу және іріктеп алу» деңгейіндегі тапсырмалардың ерекшеліктерін талдау дағдыларын дамыту;

  • оқу сауаттылығы деңгейін оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен байланыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың мазмұны

PISA оқу сауаттылығының «Ақпаратты табу» құзыреттілігі

2018 жылы PISA зерттеуінің басты бағыты оқу сауаттылығы болған еді. Оқушылар аталған бағыт бойынша 387 балл жинап, төмен нәтиже көрсетті. Оған әсер еткен негізгі факторлардың бірі – 15 жастағы білім алушылар PISA нәтижелерін жақсартуға үлес қосатын жаңаша оқыту жүйесіне, яғни жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп үлгермеген болатын.

Нәтижені жаңартылған білім беру мазмұнымен байланыстырудың себебі неде? Қазақстан Республикасында PISA зерттеуінде бағаланатын функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған шаралардың негізгісі – орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаcы. Бұл бағдарламаның тиімділігіне дәлел ретінде PISA зерттеуінде қазақстандық оқушылар арасында үздік нәтиже көрсеткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің болғанын атауға болады. НЗМ оқушылары оқу сауаттылығы бойынша 511 балл жинады. Бұл көрсеткіш PISA-2018 нәтижелері бойынша алдыңғы орында тұрған елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Жаңартылған мазмұн аясында оқу дағдысын қалыптастыру оқу сауаттылығының басты құзыреттіліктеріне, яғни ақпаратты табу, мәтінді интерпретациялау, мәтіннің мазмұны мен формасы бойынша рефлексия жасау және бағалауға негізделген. Олай болса, педагог үшін функционалды оқу сауаттылығының «Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға қалай кіріктірілгенін түсініп, сол түсінігін сабақтарда қолдана білу аса маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет