Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


PISA зерттеуіне сәйкес күтілетін нәтижелер



бет27/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90
PISA зерттеуіне сәйкес күтілетін нәтижелер

Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары

  • Қысқа қарапайым мәтіннен оқырманға таныс ақпаратты таба алу;

  • Көмек берілетін қарапайым мәтінмен жұмыс жасау (ақпараттың қайталануы, суреттер немесе таныс символдар); Қарама-қайшы/көп ақпаратты қамтымайтын мәтінге түсінік беру;

  • Мәтіннің мазмұны мен жалпыға мәлім күнделікті тұрмыстағы білімнің арасын байланыстыру;

  • Мәтіннің басты тақырыбын/таныс тақырыпқа мәтін жазған автордың мақсатын анықтау;

  • Оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау;

  • Мәтіндегі басты идеяны анықтау, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну;

  • Мәтіннің бір ерекшелігіне негізделген кереғарлықты салыстыру және анықтау;

  • Жеке тәжірибеге және сипатталған шынайылыққа қатысты жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндік біліммен мәтіннің ішіндегі және мәтіннен тыс өзара байланыстарды салыстыру немесе құру

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальды ақпаратты анықтау;

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтау, түсіндіру

Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқулық мазмұнында жоғарыда берілген оқу мақсаттарына жетуге арналған тапсырмаларды назарларыңызға ұсынайық.

Мысалы, 5-сынып бағдарламасының «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» тарауында осындай оқылым тапсырмасы берілген: Мәтінді оқы. Не туралы айтылған? Ана тілінің адам өміріндегі рөлі қандай? Тіл не үшін қызмет етеді? Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты тап. (4-тапсырма, 5-бет) Бұл тапсырма «5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау» оқу мақсатына және PISA бағдарламасы аясында «Қысқа қарапайым мәтіннен оқырманға таныс ақпаратты таба алу» нәтижесіне сәйкес келеді.

Ал «Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың маңызын талда. Негізгі және қосымша ақпаратты тап» (6-тапсырма, 11-бет) тапсырмасы «6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтау, түсіндіру» мақсатына беріледі, ол «Оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау» нәтижесіне мүмкіндік береді. Бұл оқулықта берілген «Мәтінде автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өзіңмен бөлісіп отыр?» деген тапсырма арқылы да ашылады (1-тапсырма, 14-бет).

«Мәтіндегі басты идеяны анықтау, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну» деген нәтижеге жетуге көмек болатын тапсырмаға «Мәтіннің негізгі идеясы не жайында? Мәтінді құрылымына қарай бөл: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды» (6-тапсырма, 19-бет) мысал болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет