Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата06.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#13077
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 

Оқыту барысындағы жетістік 

 

Шетел  ғылыми  әдебиеттеріне  жасаған  шолуымызға  сүйене  отырып,  тіпті  олар 



мемлекеттік  міндетті  тестілеудегі  балдар  сияқты  көрсеткіштермен  өлшенген  күннің  өзінде 

де,  күшті  қалыптастырушы  бағалау  оқушылардың  білімді  игеру  деңгейінің  өсуіне  жағдай 

жасайтынына  көзіміз  жетті.  Бізге  белгілі  болғаны,  бастапқы  кезеңде  сыныпта  және  ұзақ 

уақыт ішінде алуға болатын білімдердің деңгейінің кейбір көрсеткіштері болғаны маңызды. 

Жобаға  қатысқан  әр  мұғалім  осы  идеяларды  жүзеге  асыруда  сыныпты  өз  қалауы  бойынша 

таңдайтын  болғандықтан,  біз  әрқайсысымен  мектепте  қандай  деректер  алуға  болатынын 

талқылап, сондай-ақ әр мұғалім үшін «шағын эксперимент» жүргізу белгіленді.  

 

 

Әр мұғалім өзі мен өзінің сыныбы үшін «нәтижелер өлшеуіші» қандай болатынын өзі 

шешті.  Оныншы  сыныптағылар  үшін,  бұл  –  ұлттық  мектеп  бітіру  емтиханын  тапсыру 

нәтижесінде алған бағалар (бұл емтихан орта мектепті аяқтау жөніндегі аттестат алу үшін 16 

жаста  тапсырылады).  Сегізінші  сыныптағылар  үшін  бұл  –  14  жаста  тапсыратын  ұлттық 

тестілеуде  алған  балдары  немесе  жеткен  деңгейі.  Қалған  сыныптар  үшін  модуль  бойынша 

қорытынды  бақылау  жұмыстарының  бағасынан  бастап  жылдық  емтихан  бағаларына  дейін 

түрлі бағалар пайдаланылды. 

Жобаға  қатысатын  әр  сынып  үшін  мұғалім  салыстыратын  екінші  сынып  таңдаған. 

Кейбір  жағдайларда  бұл  өткен  жылдары  (және  кей  жағдайда  сол  жылы)  сол  мұғалім  сабақ 

берген  параллель  сынып  болған.  Басқа  жағдайларда  біз  басқа  мұғалім  сабақ  беретін 

параллель сыныпты пайдаландық немесе керісінше, онда сол мұғалім немесе басқа мұғалім 

сабақ беретін параллель емес сынып таңдап алынды. Тестілейтін сынып пен салыстыру үшін 

алынған сынып параллельді болмаған жағдайда біз  «сапа» өлшеуішінің көмегімен алғашқы 

білім  деңгейіндегі  болжамды  айырмашылықтарды,  мәселен,  өткен  жылдардағы  емтихан 

бағалары немесе басқа да қабілет өлшемдерін бақыладық. 

Бұл  дегеніміз әр  мұғалім үшін  жақсарту деңгейі  әр түрлі  тәсілдермен өлшенді  деген 

сөз.  Мысалы,  жобаға  қатысатын  оныншы  сынып  салыстырылатын  сыныптан  британ 

оқушыларына  арналған  міндетті  емтихандардың  жарты  балына  озуы,  ал  басқа  мұғалімнің 

жобаға  қатысатын  сегізінші  сыныбы  оқу  жылының  соңындағы  қорытынды  емтиханда  өзі 

салыстырылатын сыныпты 7% озып шығуы мүмкін еді. Барлық нәтижелердің басын қосып, 

тұтас  бір  қорытынды  жасау  үшін  біз  «әсердің  стандартты  мөлшерін»  жалпы  өлшем  бірлігі 

ретінде  алуды  ұйғардық.  Оны  есептеу  үшін  эксперименталды  және  салыстырмалы 

топтардың  балдары  арасындағы  айырмашылықты  есептеп,  содан  соң  ол  санды  стандартты 

ауытқу мөлшеріне бөлдік (топтардың балдары арасындағы айырмашылықты өлшеу шамасы). 

Толық  деректері  болған  19  мұғалім  бойынша  әсердің  орташа  мөлшері  шамамен  0,3 

стандартты  ауытқуды  құрады.  Барлық  мектеп  бойынша  осындай  жақсарту  орын  алса,  бұл 

Көптеген мұғалімдер сыныпта оқушыларға білім алуға көмек беретін 

диалогтерді жоспарламайды және өткізбейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет