Жұмыс орындау тәртібі Тапсырма 1. Тұзақ үзілуі әдісі арқылы судың беттік керілуін өлшеу ДПН динамометрі құрылысын зерттеңдер.
Өлшеу жүргізуге құралды дайындаңдар. Ол үшін ашық ашық қысқышқа 7 тұзақты 8 іліңдер (2-суретті). Орнатқыш винтті 1 ұстап тұрып, жапқыш винтті 2 бұрыңдар. Стақанды бұрып 4 және винттің 1 басын басып, динамометр стрелкасын шкаланың нөлдік бөлігіне қойыңдар. Тоқтақыш винтті бұрыңдар.
Ыдысқа9 дистилденген су құйыңдар және оны тіреуішке 10орнатыңдар. Ұстағыш винтін 11 бұрып, тұзақ суға толық бататындай етіп, ыдысты көтеріңдер.
Суы ба ыдысты баяу түсіріңдер. Ол үшін ұстағыш винтін 11 тұзақтан созылған сұйық үзілгенше дейін бұраңдар. Динамометр шкаласы арқылы қабаттың үзілу күшін байқаңдар.
Беттік керілуді формула (2) арқылы есептеңдер.
Өлшеулерді үш рет қайталаңдар. Беттік керілудің орташа мәнін есептеңдер.
Тәжірибе реті
F/ Н
l /м
/ Н/м
орт/ Н/м
1
2
3
Тапсырма 2.Тамшыларды үзу тәсілі арқылы судың беттік керілу коэффициентін анықтау Тамшыны жинауға арналаған бос ыдысты электронды таразы арқылы массасын өлшеңдер; алынған масса m0 мәнін 1-кестеге жазыңдар(ыдыста су болмағандығына көз жеткізіңдер).
Кранды ашу арқылы, сұйықтың ағуы кезінде (басқа ыдысқа) жеке тамшылар үзілуініне қол жеткізіңдер.
Тамшына жинауға арналған ыдысты қойып, оған N тамшы тамызыңдар. Су тамшылар бір-бірімен бірігіп ақпауы қажет. Тамшылар саны кестеде берілген (өзгертуге болады).
Электронды таразыда массасы m суы бар ыдысты өлшеңдер. Мәнін кестеге жазыңдар.
Өлшеген соң, суды төгіп тастау, ыдысты құрғату қажет.
2-5 пунктерін берілген N мәні үшін орындаңдар.
Кесте
Өлшеу реті
Тамшылар саны
N
Бос ыдыс массасы m0, г
Суы бар ыдыс массасы
m, г
N су тамшысының массасы
mN, г
Бір тамшының массасы
m1, г
σ
Н/м
1
20
2
30
3
40
4
45
5
50
Өлшеу нәтижелерін сараптау. 1. Әр N (тамшы саны) үшін Nтамшылар массасын табыңдар. Ол үшін суы бар ыдыс масссасынан бос ыдыс массасын азацту қажет: mN =m - m0. Мәндерді кестеге жазыңдар.
2. Әр N үшін бір тамшы массасын есептеңдер: m1 = mN/N. Мәндерді кестеге жазыңдар.
3. Үзілер алдындағы тамшы мойнының шеңбер ұзындығына L=2πR тең фазалар бөлігі шекарасының ұзындығын есептеңдер. Мойын радиусы r түтіктің ұшының ішкі радиусына тең деп есептейміз R = 0,7мм. 4. Формула бойынша әр жағдай үшін сұйықтың беттік керілу коэффициентін σ есептеңдер. Есептеулерді ХБЖ-да жүргізіңдер. Мәндерді кестеге жазыңдар.
5. σорт орташа мәнін анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары
Сұйықтың беттік керілуі дегеніміз не?
Неліктен (2) формулада 2 көбейткіші бар?
Судың беттік керілу күші модулін өлшеу неліктен түзусызықты бөлікпен емес, П-типті пішінге ие тұзақ арқылы өткізілді?
Беттіккерілукоэффициентіқандайфакторларғатәуелді?
Беттік-белсендізаттардеген не? Олардың қолданылуына мысалдар келтіріңдер.
Неліктен сыртқы күштер әсер етпегенде, сұйық тамшысының пішіні сфера тәрізді? Түсіндіріңдер.
Капиллярлық құбылыстар деген не? Жұғу кезінде капиллярлардағы сұйық деңгейінің көтерілу құбылысын түсіндіріңдер. Көтерілу биіктігі немен анықталады?
Слайд 16
1-топқа арналған карточкалар
2-топқа арналған карточкалар
Сабақтың соңы
3 мин
Өз бетімен жұмыс барысында не оқып- үйренгендері бойынша бірін-бірі толықтырады.
Рефлекия. Бағалау критерийлері (талдау)
Мұғалім сынпқа сұрақ қояды:
«Қандай қиындықтар болды? Әлі де нені қабылдау қиын?»
Қиындықтарға байланысты мұғалім үй жұмысын анықтайды.
Егер барлығы түсінікті болса, дәптер бойынша өткен тақырыпты қайталау жеткілікті.
Егер материалды түсінуде қиындықтар болса, қосымша ақпарат реітнде оқулыққа жүгінуді ұсынады.
Слайд 17
Сабақ соңы
2 минут
Үй жұмысы
Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсаттарын талдау).
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?» Қиындықтарды талдау.
Қиындықтарға байланысты мұғалім үй жұмысын анықтайды.
Егер барлығы түсінікті болса, дәптер бойынша өткен тақырыпты қайталау жеткілікті.
Егер материалды түсінуде қиындықтар болса, қосымша ақпарат реітнде оқулыққа жүгінуді ұсынады.