Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы


 семинар. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы тарихнамалық даму



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
14 семинар. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы тарихнамалық даму.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі отандық тарихнама ғылымының 
жағдайына талдау жасау 
Негізгі мәселелер: 
1.Маркстік-лениндік методологияның дағдарысы және отандық тарихнама 
ғылымындағы қиындықтар. 
2.Саяси репрессиядан зардап шеккен қазақ ұлттық-демократиялық 
интелегенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері.
3.Қазақ диаспорасының тарихын зерттеу. Қазақстанның шет елдік 
тарихнамасы. 
4.Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі тарихнама ғылымының жай-күйі. 
Әдістемелік тәсілдердің түрлері: 
Әдістемелік ұсынымдар: тақырып бойынша сұрақтарды қарастыруда
Кеңес Одағының ыдырауына орай отандық тарихнама ғылымында туындаған 
қиындықтар мен проблемалардың, қазақстандық тарихнама ғылымының 
кенже дамуының себептерін ашып көрсетуге назар аудару қажет. Әсіресе 
ғылымда маркстік-лениндік методологияның дағдарысқа ұшырауы, осыған 
орай жаңа методологияны қалыптастырудың қиындықтарыа тоқталған жөн
себебі оларды ашып көрсету қазіргі кезеңдегі ғылымның жай-күйін ұғынуға 


мүмкіндік береді. 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналған қазақ ұлттық-демократиялық 
интелегенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектеріндегі қазақ 
тарихына қатысты бұрын-соңды айтылмаған пікірлерді жүйелеудің маңызы 
зор. Жүйелеуді тарихнамадағы проблемалық әдісті қолдана отырып жүргізу 
тиімді. 
Қазақ диаспорасының тарихын зерттеген авторлар еңбектерінің (отандық 
тарихнамада олар өте аз) мазмұнына шолу жасап, қарастырылған 
мәселелерін тізіп жазу аталмыш проблеманың зерттелген тұстарын 
анықтауға мүмкіндік береді. Алайда мұндай әдіс тарихнамалық деректері 
шектеулі мәселеге қатысты екендігін ескпрген жөн.
Қазақстанның шет елдік тарихнамасында көбінесе отарлық жүйедегі қазақ 
даласы туралы еңбектер орын алғандықтан солардағы тың тұжырымдарға 
назар аударған жөн.
Әдебиеттер: Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. - А., 1998.; 
Мұхатова О. ХІХ - ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы. -А., 2002.; 
Козыбаев И. Историография Казахстана уроки истории.- А-Ата., 1990.; 
Несипбаева К. Р. Англо-американская историография экспансии Российской 
империи в Средней Азии и Казахстане. - А., 1998.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар 
ақиқаты. -А., 1993. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет