мүмкіндік береді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналған қазақ ұлттық-демократиялық
интелегенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің
еңбектеріндегі қазақ
тарихына қатысты бұрын-соңды айтылмаған пікірлерді жүйелеудің маңызы
зор. Жүйелеуді тарихнамадағы проблемалық әдісті қолдана отырып жүргізу
тиімді.
Қазақ диаспорасының тарихын зерттеген авторлар еңбектерінің (отандық
тарихнамада олар өте аз)
мазмұнына шолу жасап, қарастырылған
мәселелерін тізіп жазу аталмыш проблеманың
зерттелген тұстарын
анықтауға мүмкіндік береді. Алайда мұндай әдіс тарихнамалық деректері
шектеулі мәселеге қатысты екендігін ескпрген жөн.
Қазақстанның шет елдік тарихнамасында көбінесе отарлық жүйедегі қазақ
даласы туралы еңбектер орын алғандықтан
солардағы тың тұжырымдарға
назар аударған жөн.
Әдебиеттер: Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. - А., 1998.;
Мұхатова О. ХІХ - ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы. -А., 2002.;
Козыбаев И. Историография Казахстана уроки истории.- А-Ата., 1990.;
Несипбаева К. Р. Англо-американская историография экспансии Российской
империи в Средней Азии и Казахстане. - А., 1998.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар
ақиқаты. -А., 1993.
Достарыңызбен бөлісу: