Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


-тапсырма. Жұмбақ шешу. Қолы жоқ, сурет салады Тісі жоқ, тістеп алады  /АЯЗ/



бет43/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   137
1-тапсырма. Жұмбақ шешу.
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады  /АЯЗ/
-Сөз ішінде таныс емес дыбысты табайық.
Я дыбысы. Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
Я дыбысы мен әрпі.
Я  әрпінің жазылуы
а/ баспа түрі
ә/ жазбаша түрі
б/Я дыбысын хормен айтқызу.
в/ Қолымызға қалам алып ауада жазу.
г/Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.
д/ Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, оның екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындыру.
е/ АЯЗ сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Тақтамен жұмыс.
Мұғалім Я я әрпінің жазылуын көрсетеді.
Я я әрпін бірнеше оқушы тақтада жазып көрсетеді. / Әріп элементтерінің дұрыс жазылуына мән беріледі/
(Ө) Әр балаға суреттер таратып беремін,олар суреттегі заттың атын атап,буынға бөліп, сол сөздерді қатыстырып,сөйлем құрайды.
(Ж) Балаларға сөздер жазылған үлестірмелі қағаздар таратып беремін,олар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Сергіту жаттығуы
«Сұр қоян» жаттығуын қимылмен айту
(Т) Постер бойынша жұмыс. Әр топқа постер таратып беремін. Балалар топпен суреттегі заттардың атын жазба түрімен жазады
Ойын «Кім көп біледі?»
Зат есімнің жекеше және көпше түрі жайында түсініктерін арттыру. Суреттегі заттарды атап, олардың көпше түрін айтады.
Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, оқушыларға ауа райы туралы мәліметтер бере отырып, оқылатын жаңа әріпке («Я әрпі») қатысты тапсырмалар беріңіз.
Оқушылар өз ойын айтатындай етіп сұрақтар қойып, бірге талқылауды ұйымдастырыңыз.
Шаян сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.
Мұғалімнің сыйы ретінде тақырып мазмұнын ашатын жұмбақтар жасырып, өлеңдер оқып беруге болады.
Ойын
«Жоғалған дыбысты тап»
Бірнеше сөздер жазып қоямын,әр топ жарыса отырып, жоғалған дыбыстарды табады. Әр топ жарыса отырып, жоғалған дыбыстарды табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет