Өзін-өзі тану: Танымдық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жүрегім толы мейірім
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, татулық, отбасындағы сүйіспеншілік , жақсылық жасау .
Сыныптар: 5,6,4.
Сабақтың мазмұны
Ресустар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мейірімділік ана сүтімен даритынын, асыл қасиет арқылы әрдайым дұрыс әрекет ету керек екенін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: - өмірдің мәні кешірімді болуда екендігін үйрету;
Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілік дұрыс қарым-қатынаста екенін түсіндіру
Тәрбиелік: - татулыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді демекші алдымен сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіңдер ма құрметті оқушылар және жандары жайсаң ұстаздар.
Оқушылар: бастарын иіп сәлемдеседі.
2. Топтар берілген суреттің мәнін ашып, топтың атын қояды.
Сүйіспеншілік 2. Қамқорлық 3. Мейірімділік
Жақсы балар өзін – өзі тану құндылықтарына байланысты етіп ат таңдадыңдар.
Жарайсыңдар балалар адам бойындағы ең жақсы қасиет адамгаршілік, адамгаршілікпен бірге жүретін мейірімділік, қайырымдылық және сүйіспеншілік туралы ой, танымдарымызды ортаға салып отырайық.
Бүгін бізде ерекше күн, ерекше сабақ, әр айтқан сөздерімізді жүрегімізбен үғып, көңілдерімізге тоқиық. Қазах ақыны Қадір Мырзалиев айтқандай Тыңдай білу үғылық, тыңдата білу даналық демекші бір – бірімізді тыңдап, даналығымызды көрсетейік, ойымыздағы бар жақсылық қасиеттерімізді дәріптейік. Күн шуағындай айналамызға шуақ шашып бір - бірімізге тілек айтайық. Топтар бір – біріне тілек айтады.
Сәлем
десу,түгелдеу.
Суреттер,топқа бөліну
Сабақтың барысы: Бейнеролик тамашалау «Отбасы деген не?»
Балалар айтыңдаршы біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ, қалай ойлайсыңдар?
Ия отбасы туралы, яғни отбасындағы мейірімділік туралы болмақ.
Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы . Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бірін - бірі аялап, кешіре білгенде, отбасы берік болатыны анық.
Сабақ жоспары:
Тапсырма: «Отбасы» кластер.
1 топ: отбасы құндылықтары.
2 топ: отбасы бақыты
3 топ: отбасы татулығы
Сергіту сәті: ән
«ӘКЕ ТУРАЛЫ ЖЫР» cөзі: М.Шаханов әні: Н.Тілендиев.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің ішіндегі ең асылы – мейірімділік, адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Тапсырма: өлең оқу.
Әке – тірек. Ана - жүрек. Бала - тілек. Бала – бақшадағы гүлің ,оны тәрбиелеу үлкен бір ғылым .
Тапсырма: Суреттер сөйлейді. Біз анамызды қалайша сағынамыз?
Суреттер,музыка,
Слайд.
Қорытынды: Құрметті оқушылар, жер бетіндегі барлық отбасыларына деген арман, тілектерімізді стикерге жазып шарға жабыстырып, ғаламшарға ұшырайық.
ән «Ана туралы жыр» Әні: Шәмші Қалдаяқов Сөзі: Ғафу Қайырбеков
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.