Университеттің 55 жылдығына арналған «
Сәкен тағылымы -8» атты Республикалық
ғылыми – теориялық
конференция
материалдары // Материалы Республиканской
конференции «Сейфуллинские чтения – 8 », посвященной 55-летию университета.- 2012.
– Т.1 (преподаватели и магистранты). – Б.29
ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН
ШЕКТЕУ ЖОЛДАРЫ
Абдрахманова Г.М.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға,
күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің
себептері мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі, жаңа материалды тиісінше
түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, үй тапсырмасын орындау
жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы,
мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы,
танымдық қызығуын дамыта алмау, тәжірибе жұмысындағы олқылықтар,
оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде
түсінбеуі, сабақ босату, оқушының ауырып қалуы, т.б.
Үлгерімі төмен оқушылардың
саны және олардың жеке білім
олқылықтарының
есебін жүргізе отырып,
үлгермеушілікті болдырмау
жұмысының әдістері мен түрлерін қарастыру керек. Мұғалімнің қойған
бағаларын , сондай-ақ қатемен жұмыс жүйесі және оқушылардың
жадынамаларымен саналы түрде жұмыс істей білу керек. Оқушы тапсырма
орындау кезінде мынандай талаптар орындала ма: өз бетімен жұмысқа
арналған жаттығулар дұрыс таңдалуы, нашар үлгеретіндерге өз бетімен
жұмыс кезінде жедел көмек көрсетілуі, оқушылардың жұмыс жылдамдығы
ескерілуі, өз бетімен жұмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдылануы,
нашар үлгеретін оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылуы.
Қазіргі кезде баланың төрт түрлі бағыттан білім алуына жағдай бар:
отбасынан, мектептен, қоғамнан және көпшілік ақпарат құрал-жабдықтардан.
Егер оқушы осы жағдайлардың бәріне жүгініп, сабақ барысында тиімді
пайдалана білсе, үлгермеушілік жолдары болмас еді. Абай атамыз айтқандай,
Ғалым болу қайда деп
Ғылым саған кім берер
Айтпа ғылым сүйсеңіз. Жанбай жатып сөнсеңіз.
Бұл нақыл сөзде үлкен мағына, келер ұрпаққа өсиет жатыр. Оқусыз,
білімсіз - азамат болу, өз еліңе қызмет етуің мүмкін еместігін қазіргі жастар
түсінсе екен деймін.
Оқушы Ата-ана Пән мұғалімі Сынып жетекші
арасында тығыз байланыс орнаса, оқушылар арасында үлгермеушілікке жол
берілмес еді.