Сабақтың номері : 11 Сабақтың тақырыбы : Санның стандарт түрі



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі30,02 Kb.
#14595
түріСабақ
1   2   3
Мысал 2. х = 0,0000327 санды стандарт түрге келтірейік.

х саны түрінде жазылу керек, яғни санның маңызды бөлігінде үтірге дейін нөлден ерекше бір цифра тұру керек. Оңға қарай 5 цифраға үтірді жылжытсақ, біз х санын 105есе өсіргенімізді көреміз. Сондықтан, х = 3,27 : 105 = .

Мысал 3

Сан

Санның стандарт түрі

Санның мәнді бөлігі

Санның реті

1057000000000

1,057*1012

1,057

12

0,0000000005

5*10-10

5

-10

Тапсырма:

№1. Кестені толтырыңыз



Сан

Санның стандарт түрі

Санның мәнді бөлігі

Санның реті

150 000 000







8




5*10-6










3,6*10-8




-8

780 000 000 000







11

499 000




4,99




2.

1. Стандарт түрде жазыңыз:

1) 760 мм сынап бағанасында, 00 С температурада 1 см3 көлемде газ молекулалар санын 27 000 000 000 000 000 000;

2) Парсек - астрономияда ұзындық бірлігі ретінде алынған өлшем. Егер 1 парсек 30 800 000 000 000 км болса, километр санын;

3) электронды есептеуіш құрал 1 секундта 1000000 амалдар орындайды.

2. Жер шарының беті 510 млн км2 –тан астам ауданды алады. Жердің көлемі 1000 млрд км3 астам көлемді алады. Берілген сандарды стандарт түрде жазыңыз.

3. Жарық жылдамдығы 3*108 м/с тең, Күннен Жерге дейінгі ара қашықтық 1,5*1011 м. Жарық сәулесі Күннен Жерге дейінгі ара қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді. Алынған санды стандарт түрде жазыңыз.

№1 мысал жауабы. Өзіңнің нәтижеңді тексер.



Сан

Санның стандарт түрі

Санның мәнді бөлігі

Санның реті

150 000 000

1,5*108

1,5

8

0,000 005

5*10-6

5

-6

0,000 000 036

3,6*10-8

3,6

-8

780 000 000 000

7,8*1011

7,8

11

499 000

4,99*105

4,99

5

Әзірлеуші:

Альмаганбетова Жаннат Кумаровна

178 лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет