Сабақтың тақырыбы: Ана тілі ұлт байлығы Күні: Мұғалімнің аты-жөні


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы



бет10/202
Дата24.03.2022
өлшемі1,53 Mb.
#28699
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   202
4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.3.1.1 - берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.



Сабақ мақсаттары

Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, тіліміздің дамуына нұқсан келтіріп тұрған сөздерді айқындайды. Хабарландыру жаза алады.

Жетістік критерийлері

Грамматикалық ережелерді ұстанады, хабарлама жаза алады.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: тіл тазалығы, сөз өнері, тіл мәдениеті.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

менің ойымша, болуы мүмкін, ықтимал


Алдыңғы оқу

Тіл – бірлік құралы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ой шақыру. Ахмет Байтұрсынұлының тіл тазалығы жөнін­де айтқан пікірін тыңдап, көтерілген мәселені талқылайды. А.Байтұрсынұлы айтқан үш өзекті мәселені анықтайды. Мәтіндегі сингармонизм заңдылығының сақталуына назар аударады.

Тыңдалым материалдары


Ортасы

1-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқиды. Тіл тазалығына нұсқан келтіріп тұрған сөздерді дұрыс нұсқасымен ауыстырып, сұхбатты қайтадан жүргізеді.

2-тапсырма. Оқушылар «Сұхбаттың басты кемшілігі неде?» тақырыбында диалог құрастырады.

3-тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.

1-деңгей. Буын үндестігіне бағынатын және бағынбайтын сөздерге 4 мысалдан жазады.

2-деңгей. А.Құнанбайұлының, Қ.Мырза Әлінің тіл тазалығы жө­нін­дегі өлеңдерінен үзінді жазып, буын үндестігіне қарай талдайды.

3-деңгей. Мектепте «Тіл тазалығы» іс-шарасының өтетіні жөнінде хабарландыру жазады.

Хабарландыруға қойылатын талаптар: кімге арналғаны, өте­тін шараның уақыты мен атауы және шарттары жазылуы тиіс.

Үлгі: Құрметті оқушылар! 10.09-20.09 аралығында «Қазақ тілі» апталығы өтеді. Апталықта әр сынып білім және өнер сайысына түседі. Жеңімпаздар Қазақстан халықта­рының Тілдері мерекесіне арналған жиында марапатталады.

Бәріңізді белсенді қатысуға шақырамыз.


Сұхбат

Деңгейлік тапсырма



Аяқталуы

Рефлексия. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі бойынша кері байланыс жасатамын.

«Плюс»

(+)


Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер жазылады.

«Минус»

(–)


Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер жазылады.

«Қызыға­мын» (?)

«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қы­зық бола ма?» деген сұрақтарға жауаптар келтіріледі.

Үйге тапсырма. Тіл тазалығы жөнінде 5 мақал жазып, сөздердің буын үндестігіне бағынып не бағынбай тұрғанын түсіндіреді.

«Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі
ОӘК материал­дары


Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет