Сабақтың тақырыбы: Ана тілі ұлт байлығы Күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет116/202
Дата24.03.2022
өлшемі1,53 Mb.
#28699
түріСабақ
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   202
Байланысты:
5кл қысқа мерзімді жоспар

Сабақ мақсаттары

Әртүрлі контекстегі мәтіндерді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды. Дыбыс үндестігін дұрыс қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Грамматикалық ережелерді ұстанады, шығармашылық жұмыстар жаза алады.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Жасыбай көлі, Баянауыл, Әлкей Марғұлан, суреттер.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:



менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы.

Алдыңғы оқу

Хобби

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту.

Өздері білетін ұлы адамдардың сүйікті істері туралы білетін мәліметтерімен бөліседі.



ОӘК материалдары

Ортасы

1-тапсырманы топқа бөлініп орындайды.

1-топ. Мәтіндегі бала Әлкейге мінездеме береді.

2-топ. Ғалым Әлкей Марғұлан ағамыздың бала кезіндегі қызығушылығы өміріне әсер етті ме? Ғалымның өмір жолы мен еңбектерін қарастыра отырып, тұжырым жазады.

3-топ. Оқылым мәтінінен сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты, ықпал түрін анықтайды.



2-тапсырма. Өздеріне жақсы таныс адамнан оның қызығушылығы мен бос уақытын қалай өткізетіні жайлы сұхбат алады. Ұстаздарымен кеңесіп, сол бойынша шағын сюжет жасайды.

3-тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

І деңгей: Сөйлемдерден антонимдік тұлғадағы сөздерді анықтап, астын сызады.

ІІ деңгей: Мәтіннен ауыспалы мағыналы, тура мағыналы сөздерді анықтап, мағынасын түсіндіреді. 
ІІІ деңгей: «Даңқы жер жарған» тақырыбында ойтолғау жазып, мәтіннің құрамында синоним, антоним, омоним сөздер болуын ескереді.

4-тапсырмада дидактикалық материалдан мәтінді рөлге бөліп оқып, жалқы есімдерді анықтайды.

ОӘК материалдары

Деңгейлік тапсырмалар

ОӘК
Дидактикалық материалдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет