Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Жасыбай көлі, Баянауыл, Әлкей Марғұлан, суреттер.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы.
|
Ортасы
|
1-тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Мәтіндегі бала Әлкейге мінездеме береді.
2-топ. Ғалым Әлкей Марғұлан ағамыздың бала кезіндегі қызығушылығы өміріне әсер етті ме? Ғалымның өмір жолы мен еңбектерін қарастыра отырып, тұжырым жазады.
3-топ. Оқылым мәтінінен сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты, ықпал түрін анықтайды.
2-тапсырма. Өздеріне жақсы таныс адамнан оның қызығушылығы мен бос уақытын қалай өткізетіні жайлы сұхбат алады. Ұстаздарымен кеңесіп, сол бойынша шағын сюжет жасайды.
3-тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
І деңгей: Сөйлемдерден антонимдік тұлғадағы сөздерді анықтап, астын сызады.
ІІ деңгей: Мәтіннен ауыспалы мағыналы, тура мағыналы сөздерді анықтап, мағынасын түсіндіреді.
ІІІ деңгей: «Даңқы жер жарған» тақырыбында ойтолғау жазып, мәтіннің құрамында синоним, антоним, омоним сөздер болуын ескереді.
4-тапсырмада дидактикалық материалдан мәтінді рөлге бөліп оқып, жалқы есімдерді анықтайды.
|
ОӘК материалдары
Деңгейлік тапсырмалар
ОӘК
Дидактикалық материалдар
|