Сабақ мақсаттары
|
Ерте дүниедегі халық астрономиясы туралы біледі, суретке қарап сипаттау мәтінін жазады
|
Жетістік критерийлері
|
Ескі мен жаңаның арасындағы дамуды болжай алады, болжамды тұжырымға келеді
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: халық астрономиясы, ата-бабаларымыздың пайымдауынша, түркі дүниесінің ғұламалары.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, қол жетімді, тиімді, заман талабына сай, бұл пікірге келісемін.
|
Алдыңғы оқу
|
Кейіпкер бейнесі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ойтүрткі.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
Сағат болмаған шақта адамдардың уақытты қалай белгілегені туралы ойланып көрдіңдер ме?
Қандай сағат түрлерін білесіңдер?
Уақыттың ең кіші және ең үлкен қандай бірліктерін білесіңдер?
|
ОӘК материалдары
|
Ортасы
|
Оқылым бойынша 1-тапсырмада оқушылар «Бірігіп оқу» әдісі бойынша мәтін мазмұнымен танысады, өзара ой бөліседі. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
2-тапсырма бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1-деңгей. Мәтіндегі сан есімдерді бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандарға бөліп жазады.
2-деңгей. Мәтіндегі сөзбен жазылған сан есімдерді цифрмен таңбалап жазады.
3-деңгей. Халқымыз қолданған уақыт атауларын ретімен жазады.
3-тапсырмада тірек сөздерді пайдалана отырып, арман-мақсатқа жету үшін не істеу керектігін жазады.
|
«Бірігіп оқу» әдісі
ОӘК материалдары
Деңгейлік тапсырмалар
Дидактикалық материалдар
|
|