Оқылым бойынша 1-тапсырмада оқушылар «Бірігіп оқу» әдісі бойынша мәтін мазмұнымен танысады, өзара ой бөліседі. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
2-тапсырма бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1-деңгей. Мәтіндегі сан есімдерді бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандарға бөліп жазады.
2-деңгей. Мәтіндегі сөзбен жазылған сан есімдерді цифрмен таңбалап жазады.
3-деңгей. Халқымыз қолданған уақыт атауларын ретімен жазады.