1-тапсырма. Оқылым бойынша «Жұптық әңгіме» стратегиясын пайдалана отырып, оқылым материалы бойынша ой түйеді.
2-тапсырма. Мәтін бойынша реттік сан есімдерді анықтап, олардың емлесін түсіндіреді.
3-тапсырмада оқушылар жазылым әрекеті бойынша жұмыс істейді. Күннің әр шуағына өздерінің тілектерін жазады.
4-тапсырманы оқулықта берілген ізденімдік материал бойынша орындайды. Жер туралы қызықты деректерімен бөліседі.
ОӘК материалдары
«Жұптық әңгіме» стратегиясы
Дидактикалық материалдар
ОӘК материалдары
Аяқталуы
Рефлексия. «Гүлдер» арқылы сабақты қорытындылайды. Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі, олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?
Үйге тапсырма.
Сан есімдерді қатыстыра отырып, «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында эссе жазады.