Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп:
|
Мерзімі:
|
Мұғалімніңаты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысатындар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қауіпсіздік ережесі.
Адамның табиғи қозғалысы жүгіру
|
Сабақтың оқу мақсаты
|
11. 3. 4. 4. Өзгелердің денсаулықты нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде қауіп қатерді болдырмауды талдайды.
2. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын жетілдіру
|
Бағалау
критериі:
|
Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыра алады
Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіреді
|
Тілдік мақсат
|
Оқудың тілдік мақсаты
Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағзадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады
Пәндік лексика және терминология
Мыналардықамтиды:
қауіпсіздіктехникасы,
қысқа, орта және ұзаққашықтыққажүгіру.
спринтер, стайер
Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздің ойыңызша бұл жаттығуды орындау қаншалықты жемісті болды?
Қысқа және ұзақ қашықтықтарға жүгірушілерді қалай атайды?
|
Құндылықтарды
дамыту:
|
Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Дене жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережені сақтау. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.
|
АКТ қолдану дағдылары:
|
Ғаламтордан жүгірудің түрлері мен техникасы туралы бейнебаянқарау
|
Пәнаралық байланыс:
|
Физика, биология
|
Бастапқы білім
|
Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сергіту. “Шаттық шеңбері” оқушыларға жылы сөздер жазылған смайликтер таратып беру. (Оқушылар шеңберге тұрып, смайликтердегі сөздерді оқып, бір біріне жақсы көңіл сыйлайды).
Жалпы жетілдіру жаттығулары:
1. Бір орында: Оңға, солға, кері бұрылу.
2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.
3. Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.
Жаңа тақырыпты игеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын оқушыларға таныстыру.
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:
- Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;
- «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;
- Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;
- Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;
Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп, бір жарым табан санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне қойып, итерілетін аяқты алдыға қойып, екінші аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ қолға түсіп тұрады
|
Қауіпсіздік ережелерінің журналы.
|
Негізгі бөлім
25 минут
|
Жеңіл атлетика сабақтарында қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптар бойынша әңгіме жүргізу.
1)Оқушылар 60-100м қашықтықты 2-3 рет өтіп, төменгі сөреден жүгіру әдісін жетілдіруге жұпта жұмыс жасайды. Жіберілген қателіктерді және оны дұрыстау әдістерін көрсетеді. Төменгі суретті қараңыз.
2)Ойынға екі команда қатысады. Бір-бірінен 3-4м қашықтықта орналасқан өздерінің А және В сөре сызығының бойына тұрады. Мәре С сызығы В сызығынан 9-11м қашықтықта орналасады. Мұғалімнің «Дайындал!» белгісімен оқушылар А және В сызықтарында бірдей бастапқы қалыпта тұрады – отырып тірену, жатып тірену, отыру, жоғарғы сөре және с. с. «Жүгір!» белгісімен екі команда бір уақытта жүгіруді бастайды. А командасының жүгірушісі алдында жүгіріп келе жатқан қарсы команданың ойыншысын С мәре сызығынан өткенше «дақтауға» тырысады. Әр «дақталған» ойыншы үшін қуалаушы командаға 1 ұпайдан беріледі. Келесі жүгірісті бастағанда командалар рөлдерімен ауысады.
Машықтық жұмыс: Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау. Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.
Қысқа қашықтыққа жүгіруді бағалау парақшасы
ФИО
|
Сөреден дұрыс старт алу
|
Қол-аяқтың дұрыс қимыл жасауы
|
Мәреге жету уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету.
1. Төменгі сөреденшығутехникасынүйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіпбір, бір жарым қадам санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшына қойып, итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.
«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға-артқа сермеп, 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.
«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ-қолды тез- тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту.
Дескриптор Білім алушы
топта бірлесіп жұмыс жасай алады;
орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жете алады.
Оқушылар қажеттіліктеріне қарай, жүгіру қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
|
Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, секундомерлер, конустар, хаттамалар.
Жүгіруәдісі интернет ресурсының сілтемесі:
https://www. youtube. com/watch?v=JL9s0ny5VwE
https://www. youtube. com/watch?v=7POHdH5QQWA
|
Қорытынды
5 минут
|
Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету, мақтаумадақтау.
Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып, жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.
|
Өтілген сабақтың қорытындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.
Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.
|
Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Оқу мақсаты жоспар бойынша нақты қойылған.
Қойылған оқу мақсатына сабақ соңында барлығы қол жеткізді.
Сабақ соңында саралау міндетті түрде жүргізіліп, сабақ қорытындыланды.
Кіріспе бөліміне 10мин, негізгі бөлім 25мин, қорытынды 5мин регламент сақталды.
Ауытқулар болған жоқ
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.
2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.
2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау
|