Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



бет24/27
Дата13.01.2023
өлшемі1,19 Mb.
#61241
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау -1

Тәрбиелік мақсаты:
а) Оқушыны болашақтағы тұрмысқа,шаруашылыққа және
қоғамдағы орнын табуға бейімдеу.
ә) Әсемдік танымын арттыруға,еңбек тәртібін
қалыптасуына,ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылығы: Аталған тақырыпты өте отырып кез келген іске кірісер
алдындағы мақсат қою дағдысын қалыптастыруға,
жобалауға,жоспармен нақтылы әзірлікпен дайындалуға
және ол істі шығармашылықпен жауапкершілікпен
атқаруға баулу
Құралдар көрнекіліктер: Жасалатын бұйымға қажетті құрал аспаптар,
таблица,қауіпсіздік ережесі,карточкалар.
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері,физика,сызу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа қажетті аспаптарды орналастыру.
Оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу.
II.Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,оқушылардан тақырып бойынша өзіндік пікірлері барлығын,және осы сабақтан не білгісі келетіндігін сұрақ - жауап арқылы анықтай отырып,сабақтың мақсатын бірлесе айқындап,ашып көрсету.
.
Мүдде – адамның қоғамдық өмірдегі тұрмыста алатын орны,жеке басының адамгершілік дамуы мен азамат ретінде қалыптасуының жиынтықтары.
Мақсат-мүддеге жетуге ынта мен талап етіп ниет қылу.
Жоспар-мақсатқа жету үшін жасалатын жүйелі,оңтайлы,сауатты есеппен
жасалған іс-әрекеттер жиынтығы.
Бұйым жасау алдындағы жоспар көрнекі таблица арқылы түсіндіріліп,талданады.
Жоспар
Жасалатын бұйымның ерекшеліктеріне қарай құрылады.
Аталған шарттылықтардың әрбіреуінің жасалатын бұйымның сапалы болуына маңызы жоғары екенін жекелей талдаймыз және олардың
бір-бірімен тығыз байланыстылығы ескеріледі.
Шарттылықтар жасалатын бұйымның күрделілігіне,атқаратын қызметіне және пайдалану түрлеріне қарай ерекшеленеді.
Жалпы өндірісте немесе тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жасауға негізінен төмендегідей міндетті талаптар қойылады.
Бұл талаптардың әрқайсысы,ғылыми ізденіс пен кәсіби білімді шығармашылықты қажет етеді.
Қорытынды бөлім:
Жаңа сабақ бойынша кез келген бұйым жасау кезіндегі қарапайым талаптардың адам мүддесі мен тұрмыс-тіршілігіне қатыстылығын пысықтай отырып,оқуышылардың санасына жеткізу.
Сабақты қорытуда ,еңбек шеберлік жөнінде халық даналығы,нақыл сөздері оқушылармен бірлесе айтылады.
« Өнерді үйрен де жирен »
(Бұл жерде бір өнермен шектеліп қалма – деген мағынада)
« Шебердің қолы ортақ », «Ізденген жетер мұратқа » т.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет