Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
• Түрліше двигетельдердегі бір жұмыстың өзін істеп шығу үшін әр түрлі уақыт керек. Мысалы көтергіш кран құрлыста бірнеше минут ішінде үйдің жоғары қабаттарына жүздеген кірпіш шығарады. Егер осы кірпіштерді жұмысшы арқалап тасыған болса , онда оған бірнеше сағат кеткен болар еді.
• Тағы бір мысал. Бір гектар жерді ат 10-12 сағат ішінде жырта алады ал соқа тіркеген трактор бұл жұмысты 40 -50 минут ішінде орындайды.
(Бір жұмысты көтергіш кран жұмысшыдан гөрі тезірек орындайды, ал трактор аттан гөрі тезірек орындайтыны анық)
• Техникада жұмыстың тездігі «Қуат» деп аталатын ерекше шамамен сипатталады. Қуат жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасына тең..
Қуатты есептеп табу үшін жұмысты сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.
Қуат= Жұмыс/уақыт немесе
Мұндағы N-қуат
A-жұмыс
t-жұмыс істелген уақыт.
Әрбір секунд сайын бірдей жұмыс істелетін жағдайда қуат-тұрақты шама, ал басқа жағдайларда А/t қатынасына орташа қуатты анықтайды.
орташа
әр түрлі двигательдердің қуаттары киловаттың
жүздік, және ондық үлестерінен (электр ұстарасының, тігін машинасының двигателі) жүз мыңдаған киловатқа (су және бу турбиналары ) дейін болады.
Кейбір двигательдердің қуаты, кВт
Волга -3102 автомобилі
АН-2 ұшағы
ТЭ-10Л тепловозының дизелі
«Восток» ғарыш кемесінің ракета ұшырғыш 70кВт
740кВт
2200кВт
15000000кВт
Әрбір двигательдердің паспорты болады, онда двигатель жайындағы кейбір деректер, сонымен қатар оның қуаты да көрсетіледі. Секіргенде сатымен жүгіргенде адамның қуаты 730Вт-қа дейін жетеді, кейбір жағдайда оданда артық болады.Двигательдің қуаты мәлім болса, сол двигательдің белгілі бір уақыт аралығында істеген жұмысын есептеп табуға болады. формуласы шығатыны А=N*t мысалы : бөлме желдеткіші двигателінің қуаты 35 Вт болады . Ол 10 минут ішінде қанша жұмыс істейді?
Берілгені А=N*t
N=35Bт А=35Вт*600с=21000Дж
T=600с =21кДж жауабы 21 кДж.
А-?
Қуат бірлігі ретінде 1с ішінде 1Дж жұмыс істелетін қуат алынады. Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Уаттың (1736-1819) құрметіне ватт (Вт деп белгіленеді) деп атайды.
Сонымен 1.Ватт-секундына Джоль, яғни
Ватт=1 Джоль/1секунд немесе Вт=1Дж/1с.
Техникада ірірек қуат бірліктері –киловатт (кВт) мегават (мкВт) жиі қолданылады.
1МВт=1000000Вт
1мкВт=0.000001Вт
1кВт=1000Вт
1Вт=0.001кВт
Мысалы биіктігі 25 м плотинадан минутына 120 м3 су ағып өтеді. Осы плотина арқылы ағып өтетін су ағынының қуатын табу керек.
|