Сабақ барысында оқушылардың алған білімдерін саралау мақсатында «Графикалық диктант» берілді. Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, яғни дарынды оқушыларға «Семантикалық карта» және «Есептер тізбектері» берілді, ал қабілеті төмен оқушыларға «Қатесін тап» тапсырмасы арқылы оқушыларға сараланған тапсырмалар берілді.
|
Сабақ кезінде оқушылардың нені үйренгендерін бағалау үшін «Мидың суретін сал» әдісі, «Семантикалық карта» ойыны, графикалық диктант, «Тізбектен не түсіп қалған?» әдісі, «Мадақтау сэндвичі» əдіс-тəсілдер қолданылды.
|
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлері қолданылды. Осы сабақта Activstudio интерактивті тақтасының қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстырылды.
|