Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу


Саралау– Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



бет4/6
Дата21.10.2023
өлшемі260,2 Kb.
#120105
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Саралау– Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында оқушылардың алған білімдерін саралау мақсатында «Графикалық диктант» берілді. Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, яғни дарынды оқушыларға «Семантикалық карта» және «Есептер тізбектері» берілді, ал қабілеті төмен оқушыларға «Қатесін тап» тапсырмасы арқылы оқушыларға сараланған тапсырмалар берілді.

Сабақ кезінде оқушылардың нені үйренгендерін бағалау үшін «Мидың суретін сал» әдісі, «Семантикалық карта» ойыны, графикалық диктант, «Тізбектен не түсіп қалған?» әдісі, «Мадақтау сэндвичі» əдіс-тəсілдер қолданылды.



Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлері қолданылды. Осы сабақта Activstudio интерактивті тақтасының қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстырылды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты шынайы және қолжетімді болды. Сабақта саралау тиімді жүргізілді. Уақытты тиімді пайдалану үшін «уақыт қоңырауын» пайдаландым. Сабақ жоспарында ауытқушылық болған жоқ.




Жалпы бағалау
Сабақта өткен ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Сабақ барысында оқушылар «Семантикалық карта» ойыны мен қатесін табуға арналған тапсырмаларды тез және де мол қызығушылықпен орындады. Себебі әр оқушыға есептер шығару арқылы жауаптарды сәйкестендіру және интерактивті тақтаның қаламы арқылы өзге оқушылардың қатесін табу қызықты деп ойлаймын.
2. Оқушылар «Сократ шеңбері» әдісі арқылы өз ойларын еркін жеткізе білді және тақырыпты қаншалықты түсінгенін көрсете білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет