Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет18/42
Дата24.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#110050
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Оқылым мәтіндері
Қазақ жазуы
Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әртүрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5–4 ғ.) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазу
сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған руна жазуы (5–12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғасырдан бастап бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929–1940; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кирилл жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып табылады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А. Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай
жетілдіріп, ол 30-жылдарға дейін «төте жазу» деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрге негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957, 1970) түрлі өзгерістер енгізілді. Кирилл жазуының қазақ тіліне тән ерекшеліктердің барлығын дұрыс көрсете алмауына байланысты 2018 жылдан бастап, қазақ ұлттық жазуы латын графикасына көшіріле бастады.
(«Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығы)

Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып , әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірін-бірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда.


Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?..
P.S.
Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа.
18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет