(Т.Ж)Логикалық тапсырма Егер әмиянда жатқан барлық ақшаның төрттен бір бөлігіне 10теңге қосса, 60 теңге болады.Демек, 60-10=50теңге – бұл барлық ақшаның төрттен бірі. Яғни,50∙4=200 теңге болған.
Смайликтер арқылы бағалау
."Сенемін-сенбеймін" ойынын жүргізу."Сендер сенесіңдер ме:
– барлық затқа төленген ақша – бағасы? (Жоқ)
– бір затқа төленген ақша – құны? (Жоқ)
– санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз? (Иә)
– құнын табу үшін бағаны санына бөлеміз? (Жоқ)
– бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз? (Иә)"
Рефлексия. "Екі жұлдыз, бір тілек" Оқушылар стикерге сабақта ұнаған екі жұмысты жазады,және келесі сабақта не білгісі келетінін жазады.