Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы Бөлімі: Қысым



бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі452,7 Kb.
#70878
түріСабақ
1   2   3
"Ой қозғау"әдісі
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев
Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен
тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді. "Ой қозғау"- оқушының өзіндік ойын ортаға салуға дағдыланады, пікірталасқа белсенді түрде ат салысады, өзгелердің пікірін құрметтей алады.

Оқушылар пікірталасқа белсенді түрде ат салысады, өзгелердің пікірін құрметтейді.




Смайликтер
Бүркіт суреті
сұрақтар



Сабақтың ортасы
20 минут



Тапсырма -1 "Сұрақты қағып ал"(G)- сұрақ қойған кезде бадана қапшығын лақтырылады,бұл сұрау үдерісіне кинетикалық сипат береді және өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді.
Тапсырма-2. Пирамида әдісін (I) пайдалана отырып сұйықтардағы қысымның формуласын математикалық түрінде жазып шығару.

Практикада қолдану үшін деңгейлік тапсырмалар беру. (I)


А-деңгей:
 Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге 100кПа қысым түсіретін болса , өлшемдері 60*80м болатын үстел бетіне қандай күш түсірер еді?
В-деңгей:
Мұнай толтырылған 4м тереңдікте, ауданы 30 м2 шүмекті қысымы қандай??
С-деңгей:
Цилиндр ыдысқа сынап, су және бензин құйылған Сұйықтардың көлемдері бірдей. Сұйық деңгейлерінің биіктігі 15см болсасұйықтардың түбіне түсіретін 
жалпы қысымы қандай?



Оқушылар бұл әдісте оқулықтан ізденіп,
сұрақтардың жауабын беріп, келесі оқушыға сұрақ жолдайды.
Осы қабаттарда орналасқан физикалық шамалар арқылы гидростатикалық қысымның формуласын математикалық түрлендіру арқылы шығарады

Оқушылар жеке жұмыс жасап алған теориялық білімдерін практикада есеп шығаруда қолданады.



Дескриптор:
-Паскаль заңының физикалық мағынасын түсінеді
-Сұйықтар мен газдардағы қысымның қатты денлередегі қысымнан айырмашылығын біледі.
Жалпы балл-4


Дескриптор:
-Әр деңгейде орналасқан шамалардың физикалық мағынасын ашады
-Кезекті параметрді сипаттай отырып,формуласын жаза алады.
-Математикалык түрлендіру арқылы соңғы нәтижені шығара алады.
Жалпы балл-3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет