Сабақтың тақырыбы Тыныс алу құпиялары Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/4
Дата01.09.2023
өлшемі0,67 Mb.
#105867
түріСабақ
1   2   3   4
Өкпені шынықтыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды, адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіре алады.
Көптеген оқушылар: дұрыс тыныс алу жолдарын талдайды.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру

8 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу «Серпілген сауалдар» әдісімен өтеді:
- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
- Тыныс алуға нелер көмектеседі?
- Тыныс алу және шығару кезінде көкетте болатын өзгерісті айтып бер.
- Терең тыныс алу мен қалыпты тыныс алуды қалай ажыратамыз?
-Тыныс алу мүшелерін ата.
- Тыныс алғандағы ауаның жүріп өтетін жолдарын айт.
-Ағзада ауа қандай жолдардан өтеді?
Жаңа тақырыпты ашу «Миға шабуыл» әдісімен өтеді:
Суретке қарап, не болып жатқанын әңгімелеңдер.
-Қандай жарыс?
- Ол не үшін қажет?
-Жүгірудің алдында не істеу қажет?
- Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?
-Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу керек?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Ширату жаттығуларын орындайды.


Шеңберге тұрып, доп алады, өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты шығарады.



Дескриптор:
- Тыныс алу жайлы сұраққа жауап береді-2балл.



Доп



Жаңа білім
15 мин

2 мин

Бекіту
15 мин





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет