Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер, магнит өрiсi



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі95,77 Kb.
#115001
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8 зертханалық жұмыс қмж

Жаңа сабақты меңгерту.
«Cтon кaдp» әдiciмeн бейнеopoлик көpceтy.
Жаңа тақырыпты жариялау мақсатында «bilimland.kz.» порталын пайдаланып бейнеролик көрсету. Мақсатым: оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру, тақырыпты ашу, өмірден мысалдар келтіру.
1.Не байқадың?
а) «Oй қозғау »
Магнит дегеніміз не?
Не себепті магниттер өзіне кейбір заттарды тартады?
ә) Мақсатты болжау.
- магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;
б) Түсіндіру. «Мәліметтерді жариялау» әдісі
арқылы оқушыға жаңа тақырыпты талқылауға тапсырма беріледі.

  • Т ұрақты магниттер. Магнит өрісі.

  • Табиғи магниттер. Магниттіӊ күш сызықтары.

Келесі сұрақтарды талқылаңыз:
1. Магниттердің айналасында қандай өріс бар? Магнит өрісінің көзі не болып табылады?
2. Магнит өрісінің графикалық бейнесін қалай сызуға болады?
3. Пішіндері әртүрлі магниттердің айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары қандай болады?
4. Магнитті ортасынан бөлгенде, бір бөлігінің тек қана солтүстік полюсі, ал екінші бөлігінің тек қана оңтүстік полюсі болуы мүмкін бе?


«Ойлан.Жұптас.Бөліс» Зертханалық жұмыс "Tұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу және магнит өрістерінің кескінін алу"
Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзетінін көрсету.
Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.
Жұмыстың барысы:
1) Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішінде магнитті енгізіңдер;
2) Магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар;
3) Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;
4) Темір ұнтақтарының орналасуының суретін салыңдар
5) Магниттің полюстерін анықтаңдар. (магнит тілшесін немесе компасты пайдалануға болады) Төмендегі суреттегі ақ түсті бос орындарға магниттің екі полюсін белгіле.
6) Екі жолақ магниттердің аттас полюстерін жақындатыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:
7) Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
8) Екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарына апарыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:
9) Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
10) Тәжірибе барысында байқаған алған білімдеріңді пайдаланып қорытынды жасаңдар.
Қорытынды: Тұрақты магниттердің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Күш сызықтары солтүстік полюстен шығып оңтүстік полюске кіреді. Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет