Сарысу (серозды) қабыну
Сарысулы (серозды) қабыну белоктарға бай (2%-тен көп) экссудат бөлініп шығумен сипатталады,оның құрамында аз мөлшерде полиморфтыядролы лейкоциттер,көіп түскен жасушаларда болады.Сарысулы қабыну әрдайым жедел ағыда өтіп,сірі және шырышты қабықтарда,буындарда (сарысулы плеврит,перикардит,перетонит,артрит)кейбір ішкі ағзаларда байқалады.
Фибринозды қабыну.Фибринозды қабыну фибриногенге бай экссудаттың жиналуымен сипаталады Фибриноген белогы жергілікті тромбопластин факторларының әсерінен фибринге айналады.Фибрин жіпшелері сірі қабықтардың үстінде түк сияқтанып,қабыршықтанып,ұйып қалады.Мұндай жүректі «түкті» жүрек дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |