Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері


Дүниежүзілік экономика субъектілері



бет287/361
Дата19.01.2023
өлшемі26,72 Mb.
#61994
түріСабақ
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   361
Байланысты:
10 сынып ҚМЖ новый формат (1)

Дүниежүзілік экономика субъектілері. Дүниежүзілік шаруашылық субъектілеріне ұлттық экономикалар, трансұлттық корпорациялар, халықаралық интеграциялық бірлестіктер, халықаралық экономикалық ұйымдар, яғни өзіне тән реттеушілік (регулирование) қасиеті бар жүйелер жатады.
Бұдан бұрын дүниежүзілік шаруашылыққа белгілі бір сипаты бойынша біріккен жеке елдер топтарынан құрылады деп есептелген. Белгілі бір елдің сыртқы экономикалық іс-әрекетіне тек өзара нарықтық қатынастар жүргізетін ұлттық шаруашылықтар жатқызылатын. Қазіргі кезде олардың көпшілігі трансұлттық корпорацияларға (ТҰК) айналған, ал ТҰК-дың әрекеті бүкіл әлемді қамтиды (охватывает). Шаруашылықтың интернационалдануы елдер мен халықтар арасындағы тұрақты шаруашылық байланыстардың дамуын білдіреді.
Қазіргі кездің басты сипаты – көрші елдер экономикалардың тұтасуы (сращивание), олардың өзара тәуелділігінің өсуі, өркениетті (цивилизованный) елдердің жабық ұлттық шаруашылықтардан ашық типті экономикаға ауысуы. осылайша аймақтық интеграфиялық бірлестіктер қалыптасады (Еуропалық одақ, НАФТА, МЕРКОСУР және т.б.).
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық экономикалық ұйымдардың саны өсті. Көптеген елдердің биліктерін халықаралық экономикалық қатынастардың проблемаларын шешуге қауқарсыз (неспособный) болды, сондықтан өазар әріптестік арқылы аталған мәселені шешуге бағытталған әдістерді құрастыра бастады. Қазіргі кезде елдердің экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселесімен айналысатын мыңдаған халықаралық ұйым бар. Әлемдік экономикаға басым әсер етуші құрылымдар бұл – БҰҰ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық қайта құру мен даму банкі және т.б.
20-ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік шаруашылықтың негізгі ерекшелігі – елдер, елдер топтары, жеке фирма мен ұйымдар арасындағы халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы болып табылады.
Дерек көзі:Е. А. Чистякова, Н. Л. Власова, П. Л. Алтухов, Г. И. Бочкарев, Т. А. Асон
Мировая экономика: тенденции развития




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   361




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет