Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет32/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Ӛздік жұмыс әдісі. Мұғалімнің жетекшілігімен ӛзіндік жұмыс және 
жұмыс әдісі, жоғарыда айтылғандай, білім беру қызметін жүзеге асыруда 
білім алушыны бағалау, сондай-ақ мұғалімнің осы қызметті басқару 
дәрежесін бағалау негізінде бӛлінеді. 
Білім алушылардың ӛзіндік жұмыстары әртүрлі оқу әрекеттерін орындау 
кезінде жүзеге асырылады. Мектеп жағдайындағы ең кӛп таралған түрі - 
мектеп оқулықтарымен, анықтамалық және басқа әдебиеттермен жұмыс 
істеу. Дербес жұмыс әдісін кітаппен бірге қолдану мүмкіндігін дамыту 
сыныптағы оқулықпен жүйелі түрде жұмыс істеу ӛте маңызды.
Негізгі құзыреттілікті анықтауға осындай тәсіл ЮНЕСКО-ның 
құжаттарында кӛрсетілген білімнің іргелі мақсаттарын түсінуге сәйкес 
келеді: 
- білім алуға үйрену (үйренуді үйрену); 
- жұмысқа және табуға үйрету (еңбекке үйрету); 
- ӛмірді оқыту (оқыту үшін); 
- бірге ӛмір сүруге үйрету (бірге ӛмір сүруді үйрету). 
Ӛздігінен білім алуды дамыта отырып ӛз бетінше ӛрлеу қазірігі білім 
беру жүйесінің басты ерекшелігі болып табылады. Кембридж оқу 
бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім 
беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру және Кембридж 
университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
пайдалану. 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 
6. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 
7. Оқытудағы басқару және кӛшбасшылық сияқты жеті модульден
тұрады. Міндеті сынт ойлауға бағыттау болып табылады. 
Тұлғаға бағдарланған тәсіл. Оқу үдерісінде тұлғаны, үйлесімді оның 
жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен 
жүріс-тұрыс 
уәждерін, 
әлеуетті 
қабілеттіліктерін 
ескере 
отырып 
қалыптастыру және жан-жақты дамыту, шығармашылық қабілеттерін толық 
ашу. 
Саралап оқыту тәсілі. Саралап оқыту тәсілі оқу үдерісінің білім 
алушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, білім алушылардың 
жеке қабілеттерін ескеру мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі нысанда 
ұйымдастыруды кӛздейді. Әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін 
ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау 
тәсілдерін құрайды. Сараланған тапсырмаларды күрделілігі, танымдық 


57 
тұрғыдан қызығушылық туғызуы, мұғалім тарапынан берілетін кӛмектің 
сипаты жағынан ұйымдастырудың негізгі шарты.
Қатысымдық тәсіл. Ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және 
дағдылармен алмасу. Тілдік және сӛйлеу нормаларын дұрыс пайдаланып, 
қарым-қатынас жағдайына сай тиімді қатынас тәртібін таңдай отырып, түрлі 
жағдайларда қарым-қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бӛлісу 
және 
пікір 
алмасуға 
қабілеттілік. 
Қатысымдық 
тәсілге 
сәйкес 
ұйымдастырылған оқу үдерісі қарым-қатынас дағдылары мен қарым-қатынас 
жағдайларына сәйкес жұмыс режимдерін қалыптастыруға жұптық және 
топтық жұмыстарды қамтуы тиіс. 
Іс-әрекеттік тәсіл. Ӛзі меңгереді, ӛзінің оқу әрекетінің мазмұны мен 
түрлерін ұғынады, ережелер жүйесін түсініп қабылдайды, сонымен бірге 
жетілдіруге белсенді қатысады. «Біледі», «түсінеді», «талдайды», 
«бағалайды», 
«жинақтайды» 
оқу 
әрекеттері 
бойынша 
санаттар 
топтастырылған:
Жоба орындау тәсілі. Білім алушының немесе білім алушылар 
тобының ғылыми-зерттеу, шығармашылық немесе тәжірибелік сипаттағы 
проблемаларды шешуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқу-
танымдық әрекеті болып табылады. Мақсаты, белгіленген әдіс-тәсілдері мен 
орындалатын жұмыстардың реті, қорытынды тұжырымы және белгіленген 
тәртіпке сай рәсімделген нәтижелер. 
Зерттеу тәсілі. Білім алушылардың зерттеу элементтері бар 
жұмыстарды ӛз бетінше орындау біліктерін қалыптастыру, ізденіс түрінде 
эксперимент жүргізу, ғылыми болжамдар ұсынып дұрыстығын тексеру 
әдістерін негіздеуді қалыптастыру. 
Мұғалімдер оқыту тәжірибесінде білім алушылардың оқу үдерісінде 
және оқу жоспарында ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы оқу 
мақсаттарына қол жеткізуіне кӛмектесетін түрлі педагогикалық тәсілдерді 
ұтымды пайдаланғандары дұрыс. Бұл тапсырмалар әртүрлі дағдыларды 
дамытуға арналған болуы мүмкін: мәселелерді шешу, материалды жинақтап 
қорыту, оқып-білген материалды белсенді қайталау үшін бірігіп рефлексия 
жасау, ақпаратты талдау арқылы қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеудің 
бастапқы және қорытынды кезеңдеріндегі ақпаратты құрылымдау және т.б. 
Еліміздің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету үшін ғылым мен білім 
беру салаларын ӛзара тығыз байланыста қарастыру, білім алушылардың 
мектеп қабырғасынан бастап ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту 
қажет. 
Білім алушының ойлау дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін оқу 
үдерісі талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше 
белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау 
сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Сонымен қатар, оқу 
үдерісінде теориялық және тәжірибелік ойлау дағдыларын қатар 
қалыптастыру маңызды болып саналады. Оқудың тәжірибелік дағдыларға 
бағытталуы, білім алушылардың теориялық білімін ӛмірде қолдана білу және 


58 
жеке жобалық жұмыстар орындау қабілеттерін дамыту мұғалімнің негізгі 
мақсаттарының бірі болып табылады. 
Білім алушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту жолдары: 
- ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру; 
- білім алушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру; 

бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және
жалпылау, географиялық құбылыстарды түсіндіру - білім алушылардың 
жалпы логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
- бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, 
географиялық құбылыстарды түсіндіруде шығармашылық таныту, теориялық 
ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастыру ойлау дағдыларының дамуына 
ықпалын тигізеді. 
Қазіргі кезеңде білім алушының ӛз бетімен білімге ие болу барысында 
оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі 
талаптардың бірі болып табылады. 
Оқыту мен оқу үдерістері біртұтас, оларды бір-бірінен ажыратып 
қарастыруға болмайтынын түсіну маңызды. Мұғалімдердің оқу үдерісін және 
ӛз тәжірибесін жетілдіру жолдарын жетік түсінуі оларға тиімді оқуды 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет