Салькеева, А. К. и др



бет20/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
оптика, онлайн библиотека

Қосарланып сыну кәдімгі және ерекше сәулелердің сыну көрсеткіштерінің айырмасын пайдаланып, оларды бір-бірінен мүмкіндігінше алшақ жібереді. Қосарланып сыну кристалдар дихроизм қасиетіне ие, басқаша айтқанда, олар жарықтың электр векторының ориентациясына байланысты жарықты түрліше жұтады. Сондықтан оларды дихроизмді кристалдар деп те атайды. Кәдімгі сәуле толығымен дерлік 1мм. ұзындықта жұтылады, кристалдан тек ерекше сәуле шығады. Толқын ұзындығына да тәуелді жұтылудағы өзгешелік келесі жағдайға әкеп соқтырады: дихроизмді кристалды ақ жарықпен жарықтандырғанда ол әр түрлі бағытта түрлі түске боялады. Поляроидтарда мұндай қасиетке ие.
Әр түрлі кристалдар мәні және бағыты бойынша әр түрлі қосарланып сыну тудырады. Сондықтан, олардан поляризацияланған жарық өткізіп, кристалдан шыққандағы интенсивтілік өзгерісін өлшеп, олардың минерологиялық анализ жасауға оптикалық қабілеттерін анықтауға болады. Бұл мақсатта поляризацияланған микроскоптар қолданылады.
§ 1.15 Поляризацияланған жарық анализі
Айталық, жазық поляризацияланған жарық кристалл пластинкаға нормальға түссін. Пластинка оптикалық оске паралелль болсын.

30-сурет
Жарық пластинка ішінде кәдімгі(о) және ерекше(е) сәулелерге бөлінеді. Олар кристалл ішінде беттескенмен, таралу жылдамдықтары әр түрлі. (о) және (е) сәулелерінің жарық векторлары бір-біріне перпендикуляр бағытта тербеледі. Пластинкадан шығарда екі перпендикуляр тербеліс бірігіп, жаңа жарық толқынын тудырады. Толқын векторының ұшы вектордың уақыт бойынша өзгерісі нәтижесінде эллипс сызады. Сол эллипс теңдеуі:




(28)

Ео және Ее - кәдімгі және ерекше сәуле кернеуліктері;
φ – фазалар айырымы. Бұдан шығатын қорытынды, пластинкадан өткен жарық жазық поляризацияланғаннан эллипсті поляризацияланғанға айналады.
(о) мен (е) сәулелерінің пластинкадағы оптикалық жүріс айырымы Δ:


Δ = (nо – nе )d

(29)

ал фазалар айырымы:




(30)

Егер Δ = (nо – nе )d = λ/4, φ = ± π/2 , онда (28) келесі түрге келеді:

Егер (пластинканың шығысында жарық айналу поляризациясы).
Егер оптикалық оске паралелль қиылған пластинканың жүріс айырымы:


Δ = ((nо – nе )d = ± ( m + ¼) λo (m = 0, 1, 2,…),

(31)

болса, онда пластинка ширек толқын (λ/4пластинка) деп аталады. Плюс таңбасы теріс кристалдарға, ал минус таңбасы оң кристалдарға сай келеді. Жазық поляризацияланған жарық λ/4 пластинкасынан өткенде эллипстік поляризацияға айналады.
Егер пластинка үшін:


Δ = (nо – nе )d = ± ( m + ½ ) λo (m = 0, 1, 2,…),

(32)

болса, онда ол жартытолқын пластнка деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет