Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 

Әзірет Әли—Османнан кейін билік басына келген төр-

тін ші «әділетті халиф». Хижраның 656-661 жылдары Мекке 

қаласында тұрып, мұсылман жұртына басшылық жасаған. 

Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның 

Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің 

ауыз әдебиетінде Әли—орасан алып, күш иесі. Жаулары Әли -

дің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс. Фольклор -

лық туындыларда оның «зұлпықар», «қам-қам», «сам-сам» 

деген үш қылышы болғаны айтылады. Әсіресе Әли «зұлпықа-

рын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді шауып түсіреді. Әлидің 

есімі көптеген шығыс қиссаларында, оның ішінде діни дастан-

дарда жиі ұшырайды. Әдетте, хазірет Әли сол қиссалардың 

бас 

ты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршы-



сы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде 

көрінеді. Дастандарда Әли (ә.с.) өткен замандарда атақты 

Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптел  ген. 

Хазірет Әлидің атына «шаһимардан», «қайдар», «арыстан», 

«шері», мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп 

оты рады. 

25-0185


386

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



Әмір Темір (1336-1405)—қолбасшы, мемлекет қайраткері. 

Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір 

алғашында Қашқария уәлаятының билеушісі болған. Моғол-

стан ханы Тоғлық Темірмен, Балқ пен Самарқан әмірі Хұсайын-

мен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауранахрды өзіне 

қаратты. Әскерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм, 

Шығыс Түркістан, Герат, Хорасан, Қандағар, Сұлтания, Тебриз, 

Иран және Ауғанстан иеліктері қол астына қарайды. Бір неше 

дүркін жорықтан соң Алтын Орданы күйретеді. Үндістан, Сирия, 

Ливан жерлерін басып алады. Осман империясын талқандап, 

түрік сұлтаны Илдырым Баязидті тұтқындайды. 1405 жылы 

Қытайға жорыққа шыққанда жолда Отырарда қайтыс болады. 

Сүйегі Самарқандағы Гөр-Әмір кесенесіне жерленген. Халық 

арасында және тарихи деректерде Ақсақ Темір, Әмір Темір 

Көреген (Гурген) деген ныспылары кең тараған. Түркістан 

қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырған.



Барлас—өзбек халқының ішіне енетін, түркі тілдес тайпа-

ларына жататын ежелгі ру. Барластар Шыңғыс ханның жаула-

нуы кезінде, ХІІІ ғ. қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға 

көшкен. Сол рудан Әмір Темір, Ұлықбек дегендер шыққан.



Бөгенбай батыр (1680-1775)—Қаратау бөктеріндегі Бөген 

өзенінің бойында туған. Жоңғар шапқыншылығына қарсы 

азаттық күресінде ерекше орын алған батыр, қазақ жауынгер-

лерінің қолбасшысы. Халық оны Қанжығалы Бөгенбай деп те 

атайды. Атасы Әлдеуін батыр Еңсегей бойлы ер Есім ханның, 

әкесі Ақша батыр Тәуке ханның қолбасшылары болған. 

Бөгенбай батыр Абылай бастаған ұзақ жылдарғы жоңғарға 

қарсы күрестің бас қолбасшысы, әскери ақылшысы бол-

ды. Күн-түн демей қазақ тыныштығы үшін ат үстінен түспей 

жүргендіктен, оны Абылай хан «Үкі батыр» деп құрметтесе, 

Бұқар жырау «Қазақтың қамал қорғаны» деп атаған. Бөгенбай 

жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Сүйегі Қожа 

Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Бөрте (1154-1230/31)—Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат 

тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішіндегі 



386

387


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

боржіген (бөрітегін) руының батыры Есүгей 9 жасар ұлы 

Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып, 

ежелгі түркілер дәстүрі бойынша, Бөртеге құда түсіп қайтады. 

Көп ұзамай Есүгей қайтыс болып, Темірші жетім қалып, 

көптеген қиыншылықтарды бастан өткізеді. Тек ержеткеннен 

кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып 

қайтады. Осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер шабуыл 

жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әкесінің 

андасы керей хандығының ханы Тұғырыл (Уән хан) мен жажи-

рат руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөртені 

босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелінен көптеген ба-

лалар тарған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған төрт ұлын 

өз мұрагерлері ретінде таныған. 



Бұқар жырау (1693-1787)—әйгілі қазақ жырауы. Абы-

лай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» 

деп те атаған. Абылай ханды сынай отырып, оның көрегендігі 

мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола 

білгенін тебірене жырлайды. Бұқар жыраудың Абылай ханға

Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай батырларға шығарған арнаула-

ры, насихат жырлары ел есінде сақталып қалған.

Даниал—аты Исламға дейін белгілі болған пайғамбар, аңыз 

бойынша су бетімен жүре алатын болған.



Дәуіт—Пайғамбар, Сүлеймен пайғамбардың әкесі. Көне 

еврей тілінде Давид. Дәуіттің отыз баласы болған. Жаратқан 

Иеміз құдіретімен отыз баланың жа нын бір мезетте алып кетеді. 

Мұны көрген Дәуіт Алла Тағалаға зар илеп жылайды. Сонда 

Алла: Дәуіт, саған отыз балаңның орнына отыз бала берейін бе, 

әлде отыз балаға татитын бір бала берейін бе?—деп сұрағанда 

Дәуіт «отыз балама татитын бір ұл беріңіз» деген екен. Иеміздің 

берген ұлы Сүлеймен пайғамбар болатын. Сүлеймен мал-құстың 

тілін түсініп, сол тілде тілдесе алатын болған.

Едіге—ХIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген та-

рихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса, батыр әрі қолбасшы 

болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында 


388

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

тәуелсіз билік құрумен бірге ел басқару істеріне белсене арала-

сты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеушісі 

мен Ақсақ Темір арасындағы текетіресті өз пайдасына ше шу ге 

ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес Ресей жеріне бір не ше 

рет баса көктеп кірді. Ұлы Ноғай Ордасын құрып, оның бас-

ты бегі болды (1396-1419жж.). Қара халық арасынан шы ғып, 

көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын қорғаған дық-

тан қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын жеген Едіге» 

деген атпен өшпестей жазылған оның бейнесі мен есімі бір қа тар 

қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бойынша, Едіге 

мырзаның бейіті қазақ жерінде—Ұлытауда жатыр.

Есенбұға—Моғолстан билеушісі (1429-61/62). Шағатай 

әулетінен шыққан. Уәйіс хан қайтыс болған соң, оның екі ұлы 

Жүніс пен Есенбұға арасында билік үшін күрес болып, соңғы-

сы 1429 ж. жергілікті тайпа көсемдерінің және әмірлердің 

қолдауымен билік басына келеді. Есенбұға 1457-1458 жж. 

Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен 

Жәнібек хандарға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін беріп, олар-

ды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 1458-60 ж. Жүніс ханның 

Есенбұғаға карсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Есенбұға 

қайтыс болған соң, Шығыс Түркістанда оның ұлы Досмұхам-

мед хандық құрған (1461/62-69). 

Жақып—пайғамбар, Жүсіптің әкесі, Інжілдегі Иаков. Құран 

Кәрімде Ыбраһым ұрпағы ретінде Ысқақпен қатар аталады. 

Оның тақуалығы мен болжау қабілеті Алла Тағаланың бүкіл 

Ыбраһым (Авраам) руына ризашылығын білдіру ретінде сурет-

телген. Құран Кәрімде Жақыптың екінші есімі—Ысрайыл. Ал 

оның ұрпағы бәни Ысрайыл деп аталады.



Жамұқа, Джамуха сэчен (шамамен ХІІ ғасырдың ортасы-

ХІІІ ғасырдың 1-ширегі)—Шыңғыс ханның өміріндегі ең жа-

қын досы (андасы) және қас жауы болған тарихи тұлға.

Жүніс—пайғамбар, Құранның бір сүресі оның атымен 

атал ған. Аңыздарға қарағанда Жүністің Ирактың солтүстігін-

дегі Найнауада бір құдайға сиынушылықты уағыздауы сәт-


388

389


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

сіз болған көрінеді. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай 

алмай, кемеге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ 

кеме орнынан қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар 

екендігінің белгісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар күнә Жүністе 

болғандықтан, оны теңізге тастайды. Суда үлкен балық Жүністі 

жұтып қояды. Киттің құрсағында аман қалған Жүніс Алла 

Тағалаға сенімсіздік білдірген күнәсін мойындап жалбарына-

ды, сөйтіп, аман қалады.

Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құ-

ранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық 

қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп 

аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала 

отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақында ры 

жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы 

тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан 

бар.


ЖібекТөлеген—қазақтың «Қыз Жібек» эпосының бас 

кейіпкерлері. Жібек пен Төлеген қазақ фольклорында шын ға-

шықтар символы ретінде суреттеледі.

Захиредден Мұхаммед Бабыр—өзбек және үнді ел билеу-

шісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің орнатушысы, ақын мен 

жазушы. 

1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. 

Оның әкесі Омар Шайхы—Ақсақ Темірдің шөбересі, Фер ға-

наның әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі—Құтлық Нигар ханым 

Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. 

Зәкария—Құран кейіпкері, тақуалардың бірі, Жақияның 

әкесі, Інжілдегі Зәкария. Мәриямның тәрбиеші қамқоршысы 

болған.

Ибраһим—Қасиетті Құран мен басқа да көптеген аңыздар-

да ол «Алланың бірлігін танып, оның досы саналатын» алғаш-

қы пайғамбар. Ибраһим өзінің сүйікті ұлы Ысмайылды Алла 

Тағаланың әмірімен оған құрбандыққа арнап шалмақшы бола-



390

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

ды, сонда Ибраһимға разы болған Алла Тағала Ысмайылдың ор-

нына көктен «ай мүйізді қошқар» түсіреді. Ибраһим (ә.с.) мен 

оның ұлы Ысмайылдың өмірі араб әлемімен, әсіресе Мекке—

Қағба төңірегімен тығыз байланысты әңгімеленеді. Бұл жайын-

да Құран Кәрімде де арнайы сүре (сурат-ул Ибраһим) бар. Онда 

Ибраһим пайғамбар мен оның баласы Ысмайылдың Қағбаны 

тұрғызғаны айтылған.

Иса—Иса Мәсіхтің есімі христиан дініндегі сияқты, ислам-

да да ілтипатпен еске алынады. Құран Кәрімде Иса пайғамбарға 

біраз орын берілген, оның анасы Мәриям хазіретке арналған 

сүре бар. Алайда ислам қағидасы бойынша, Иса—бар болғаны 

Алланың сүйікті құлы, «кітап түсірілген» төрт пайғамбардың 

бірі. Христиандар Исаны Құдайдың ұлы деп есептейді, оның 

өзін Құдай дәрежесінде дәріптеп, оған құлшылық жасайды. 

Кейбір дін зерттеушілері (әсіресе еуропалықтар) Мұхаммед 

пайғамбардың христиандарға жылы ықыласпен қарағанын 

айтады. Шариғат зерттеушілері Исаны «Мұхаммедтің дүниеге 

келерін алдын ала білген» және Аллаға шын жүрегімен беріл-

ген хақшыл пайғамбар ретінде мойындайды. Ислам ғалымда ры 

«Иса Құдай емес, оған еруші жұрт адасты» деп санайды.

Кенесары (1802-1847)—мемлекет қайраткері, әскери қол-

басшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар арасындағы ұлт-

азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ жұртының соңғы хан-

дарының бірі. Кенесары—Шыңғыс ханның жиырма жетінші 

ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ордасын Көкшетауға тік-

кен Абылай ханның отыз ұлы болған. Кенесарының саяси 

көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында І Петр билігі 

кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы 

қатынастар сипатымен тығыз байланысты болды. Ресей импе-

риясы өзіне, шекаралас жатқан байтақ өлкені күллі Азия 

елдеріне бастар «қақпа» деп есептегендіктен, қазақ жерін күш-

теп қоса бастады. Патша үкіметі 1822 жылы «Сібір қазақтары 

туралы Жарғысы» арқылы қалыптасқан хандық құрылым-

ды, дәс түрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресей-

лік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Кенесары 

1841 жылы хан болып сайланады. Халықты ұйымдастырып, 



390

391


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ресей отаршыларына қарсы соғысады. 1847 жылы өзімен бір-

лесіп соғысудан бас тартқан қырғыздарға да қарсы шабуыл жа-

са ған еді. Өйткені қырғыздардың Сібір әкімшілігімен астыр  тын 

байланыстары болады. Өз жақтастарының опасыздық жа 

са 


-

ғандары себепті, Кенесары інісі Наурызбаймен бірге дұшпан-

да ры ның қолына түседі. Қырғыздар Кенесарыны айуандық-

пен өл  тіріп, басын кесіп алып, Омбыдағы орыс үкіметінің өкілі 

гене  рал М. Горчаковқа табыс етеді.

Қабыл, Әбіл—аңыз бойынша, Адам атаның алғашқы ұр-

пақтары.


Қарасай, Қази—Орақ батырдың ұлдары. ХVI ғасырдың 

соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін 

Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол за-

манда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз 

күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһарман дар. 

Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтар жайында қазақ жы -

рау, жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе Ақтөбе, 

Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан 

қазақтары арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық 

нұсқалары сақталған.



Қобыланды батыр—Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен 

ХV ғасыр) батыр. Тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек елінің ха-

ны Әбілхайырдың бас батыры болған.

Қоңыраторта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халық-

тарының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында 

қоңырат тайпасының өзіндік орны бар.

Қызыр—мұсылман дінінде ел аралап жүрген, адам бейнелі 

«әулие», адамға «қамқоршы», «бақыт», «дәулет» беруші. 

Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында 

Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей 

құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда 

Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын. Түркі халықтарында 

Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен байланыстырылып, «Қыдыр-


392

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

392

Ілияс» деп те атала береді. Кейде оны «Қызыр» деп атайды. 



Қазақ фольклорында Ілиястың есімі жиі ұшырасады. Әдетте, 

ол адамдарға Қызыр әулие (ақсақал) түрінде көрініп, әртүр-

лі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде Ілиястың жанын-

да «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп жүреді. Олар 

ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың басты 

кейіпкеріне (әсіресе, батырлық жырлар мен ертегілерде) қол 

ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп батала-

сады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.



Мұса—Пайғамбар, Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт 

пайғамбардың бірі. Інжіл бойынша—Моисей. Аңыз бойынша, 

Мұса (ә.с.)—Алла Тағаламен тілдескен және онымен жүздес-

кен бірінші пайғамбар (Адам атадан соң). Алла Тағаламен 

сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса Кәлим (Алламен 

тілдесуші) деп дәріптеген.



Мұхаммед ибн Сирин  (653-729)—Ислам дінінің имамы, 

табиғин, хадис, тәпсір ғалымы, фақиһ.  Мұхаммед ибн Сирин 

Осман ибн Аффанның халифалығы кезінде өмірге келген, оның 

әкесі парсылар мен халифат арасындағы соғыстың алдында 

Куфа маңындағы Айн әт-Тамр мекенінде өмір сүріп, сол жер-

де мұсылман әскерінің қолына түсіп, Әнас ибн Маликтің  қол 

астындағы қызметшісі болған.

Мұхаммед  (Мұхаммед ибн Абдулла Әбу-л Қасым)—ислам 

дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, та-

рихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла Таға-

ланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең 

соңғы пайғамбар. 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. 

Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай 

бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа 

толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алға шын-

да сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол 

қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. 

Алла Тағаланың алғашқы жарлықтары (уаһи) рамазан 

айын да хазірет Мұхаммедке Меккеден үш шақырым жердегі 



392

393


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен. 

Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—

исламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды Мұхаммед 

(с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпші лігі 

пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі 

қастандық жасады. Сондықтан 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) 

өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қо ныс 

аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есепте ле-

ді. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген 

сөз. 

Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине 



қаласында қайтыс болды.

Мырзаш Алдиярұлы  (1826-ө.ж.б.)—жолбасшы, саяхат-

шы. Қытайдың, әсіресе көрші Жоңғария жерінің география-

сын өте жетік білген. Мырзаш 1877 ж. Орталық Азияны 

зерт  теуге шыққан орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальский 2-экс-

пе 

 

дициясының жолбасшысы болып, оны Құлжадан Гаченге 



дейін, ал 1879 ж. оның 3-экспедициясын Зайсаннан Орта лық 

Азиядағы Гашун-Нор көліне дейін бастап апарды. Осы экспе-

дицияларды Азияның асқар таулары мен құлазыған шөл де рі-

нен, орыс саяхатшыларына наразылық көрсетіп отырған жер-

гілікті халықтың арасынан аман өткізіп, көп көмегін тигізді.

Нұх—Құранда есімі аталатын пайғамбарлардың бірі. 

Інжілдегі Ной. Құран Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 

71-сүре осы Нұх пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған. 

Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су 

оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін 

топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен 

алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам-

дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке-

меге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман 

қалып, өмір қайта жалғасады.



Оелун—Есүгейдің жары, Шыңғыс ханның анасы.

Олхунауд—моңғол руларының бірі.

394

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



Омар—Әбу Бәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауы-

мына басшылық жасаған екінші әділетті халиф, исламның 

алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазі рет 

Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан 

әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға 

көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде 

ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне ор нық-

ты. Омар халиф тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге 

негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық 

жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолы ның 

үлесін күшейту мақсатында өзінің халиф лауазымына «Әмір әл-

муминин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың саха-

балары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен 

храмының орнына намаз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде 

үмийа халифы Әбд әл-Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге 

«Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды.



Орақ-Мамай—қазақтың батырлары. Халық аузындағы ше -

жірелік мәліметтер бойынша, Мұсадан Алшағыр, одан—Орақ 

пен Мамай туған делінеді. Екеуі де көшпелі ноғай-қазақ ұлыс-

тарының туын көтеріп, ел намысын жыртқан, ер жүрек ба-

тырлар кейпінде ел есінде қалған. Олардың ерлік істері мен 

ұрпақтары туралы Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887-1927 жж.) 

көлемді жыр тудырғаны мәлім.

Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті 

ха 


 

лифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған ал-

ғаш қы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген 

үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі 

Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың 

екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар 

Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті 

атақ берген.



Сатыбалдыұлы ер Барақ (1743-1840)—XVIII ғасырдың 

ІІ жартысында күллі Кіші жүз елін шарпыған ұлт-азаттық 

көтеріліс басшыларының бірі. Тегі Шөмішті Табын руының 

Қарақойлы тармағынан шыққан. Осы кітапқа еніп отырған 



394

395


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

батырлық жыр нұсқаларының басты қаһарманы. Барақтың 

баласы—Асау да, немересі Дәуіт те—басқыншы жаулардан қа -

зақ елі мен жерін қорғап, қол бастаған батырлар.



Сейітбаттал—осы аттас және «Ғазауат Сұлтан» даста-

нының бас кейіпкері. Ол—аңыздық деректер бойынша, әзірет 

Әлидің шөбересі. Ол ислам халифатының өсіп, өркендеп, кү-

шеюіне, көптеген халықтардың мұсылман дінін қабылдауы-

на зор еңбек сіңіреді. Сейітбаттал жөніндегі қисса-дастандар 

әсіресе түрік топырағында туып, қазақ, татар, әзірбайжан, 

өзбек т.б. мұсылман елдерінің халықтары арасында кеңінен 

тараған.


Сүлеймен—Құранда аты аталатын пайғамбардың бірі, Дә-

уіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 

965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген деп 

есептеледі. Сүлеймен Иерусалим қаласындағы Яхус храмын 

салдырған. Сондай-ақ ол мұсылман елдерінің ертегі, дастан-

дарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануарлар-

дың тілін білген» деп дәріптеледі.

Сұлтанқожаұлы Майлықожақазақтың белгілі ақыны. 

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожато-

ғай елді мекенінде туып өскен. Ақбұлақ өзені, қазіргі Бадам 

станциясы маңында дүние салған. Мұсылманша хат таныған 

Майлықожа өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Оның 

арнау өлеңдері, термелері, дастандары («Папор патша», «Пат-

ша мен үш ұры», «Аңқау мен қу», «Нақыл» т.б.), айтыстары 

(Құлыншақпен, Ұлбикемен т.б.) бар.



Сырым би (1723-1802)—Сырым Датұлы, азан шақырып 

қойған аты—Шынтемір екен. Патшалық Ресейдің далалық 

өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық билікке 

дәстүрлі шектен асыра артықшылық беруі арқылы қалың 

бұқараның табиғи-өзіндік құқыларын шектеуі, алым-салым 

кө 


бейтуі Сырымды және оның тұстастарын ашындырады. 

Олар қолдарына қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге—отар-

лаушы орыс үкіметінің жергілікті әкімшіліктеріне, «орыс 


396

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

тағайындаған» хан, сұлтандарға қарсы көтеріледі. Бұл—дәс-

түрлі қазақ қоғамының қалың бұқарасын, оның әр алуан әлеу-

меттік топтарын (қарасын да, төресін де, шаруасын да, бай-

бағыланын да, би-ақсақалын да, батыр-баһадүрін де) қамтыған, 

Ресейдің отарлау әрекетіне қарсы бағытталған ұлт азаттығы 

жолындағы көтеріліс еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет