Бағдарламасындағы оқу мақсаттарының ерекшелігін «Төр сөйлем»



Дата17.10.2023
өлшемі43,32 Kb.
#117072
түріБағдарламасы

6 тақырып Мақсат қоюдың smart критерийлері

  1. Бастауыш сыныптың дәстүрлі және жаңартылған білім бағдарламасындағы оқу мақсаттарының ерекшелігін «Төр сөйлем» тәсілі арқыл орындаңыз.



Оқу мақсаты

Пікір

Дәлел

Мысал

Қорытынды

Дәстүрлі оқу мақсаты



Дәстүрлі сабақ - қалыптасқан дәстүр бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні.

Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытушы оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді.

Дәстүрлі сабақта оқытушы – білімді жеткізуші. Дәстүрлі сабақтың түрлері: Жаңа оқу материалын оқу сабағы, дағдыны қалыптастыру, қайталау сабағы, Бекіту, Қорытынды сабақ, Аралас сабақ. Практикалық сабақ. Білімді тексеру сабағы.

Қорыта айтқанда, дамыта оқыту технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді. Ол сыныптағы 20 баланың бес-алтысы ғана жаттап алуы мүмкін.


Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаты

Кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.

Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізді және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап, зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыретттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.

Оқушылардың бойына 21 ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.

Өзіңдік ой –тұжырым
2 Мақсат пен бағалаудың байланысы мен ерекшеліктерін «Кластер » әдісі арқылы орындаңыз




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет