Санжар Керімбай. Уақытты жеңген Бейсен бейсен



бет7/14
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#118928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
ЖҮРГЕН ЖЕРІ ТОЙ
Аузы дуалы бір қазақ Бейсенге «балам, жүрген жерің той болсын!» деп бата беріп, сол батасы өтіп кеткен болса керек. Соңғы жеті жылда Бейсенмен 5-6 рет үлкен тойда бірге болдым. Бейсен барған жерде той ішінен той пайда болады. «Ойбай, несін айтасың, Бейсен де осы тойға келеді екен» деген дақпырт шыққаннан-ақ елдің толқуы басталады. Олар расымен де осы бір таңғажайып адамды жақыннан көріп, суретке түсу бақытына қол жеткізе алар ма екенбіз деп қобалжиды. Бейсен кіріп келгеннен-ақ елдің назары тамадаға емес, Бейсенге ауады. 

Бір кезде оған сөз беріледі. Болды, содан кейін ол орнына қайта барып отыра алмайды. Себебі онымен суретке түсетін адамдар Лениннің мавзолейіне кезекке тұрғандай ұзын-сонар кезекке тұрады. Ол бер жағы. «Баламның аузына түкіртіп алам» дейтіндер өз алдына бөлек жамағат боп бұрышта жиналып тұрады. Ал содан соң сол жерде салт-дәстүр басталады. Біреу бөпесінің түріне, біреу аузына түкіртіп қырылып жатады. Кейде қызды қыздымен оның соңы тұсаукесерге дейін кетіп қалады. Той біткенде ол да тік тұрып, елмен бірге суретке түсіп бітеді. Аса «ақылды» бір кісілер оған типа жаны ашып: «Бейсен, сен кім болса сонымен суретке түсе берме. Қадірің кетеді. Өзіңді биік ұста» деп талай рет ақыл айтты. Бейсен ондай ақылды құлағына қыстырған емес. Оның қарапайым халыққа жақын болғаны сонша - екінің бірінің қолында Бейсенмен түскен суреті жүреді.

ҚАЗАҚ РЫЦАРЫ
2014 жылы шет тілін тілін үйрену үшін үш айға Еуропаға кеттім. Бір күні сабақта сыни пайыммен ойлау жайлы әңгіме болып кетті. Пол есімді мұғалім маған қарап:
- Осы сен Дэвид Аттенборо деген кісіні танисың ба?-деді.
- Танимын.
- Кім ол?
- Ана ВВС-де деректі фильм түсіріп жүретін табиғаттанушы ғалым ғой.
- Иә, қазір әбден қартайды. Бірақ әлі де сол ісімен шұғылданады. Англияның әрі сыншыл әрі міншіл капризный жұртының улы тілі соған ғана жүрмеді.
- Қалайша?
- Себебі ол өз ісіне өте адал болған ағылшын азаматы, елдің көзін ашып, ғылым таратуды мақсат тұтқан тұлға. 50 жылдан асса да сол кәсібінен кетпейді. Қай бір жылы Британияның патшайымы оны ескі дәстүр бойынша «Англияның мүддесіне адал болғаны үшін» деп рыцарлыққа қабылдады. Расымен де солай. Біреу-міреу британдық мінезіне салып «Аттенбороның да мынадай минустары бар» дей берсе кез келген ағылшын «Шат ап, плиз!» деп, міншіл мақаудың аузын жауып тастайды,-деді.
Егер осы өлшемге қазақ қоғамын салатын болсақ сынға ұшырамай бірауыздан рыцарлыққа қабылданатын жалғыз адам Бейсен шығар! Ұлт пен ұлыстың мүддесіне дәл бұлай адал қызмет етіп, дәл бұлай жанкештілікпен елге еңбек сіңіріп, елдің бәрін мейіріммен бауырына басқан әзірге жалғыз тұлға – Бейсен! Жаназасына қоғамдағы барлық қабаттың өкілдері түгел қатысты. Осының өзі Бейсеннің ешқандай не діни, не саяси, не басқадай идеологияға ұрынбай адамсүйгіштік қасиетіне қаншалықты берік болғанын анық көрсетіп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет