Санжар Керімбай. Уақытты жеңген Бейсен бейсен



бет2/14
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#118928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
МЫҚТЫНЫ МОЙЫНДАУ
2013 жылдың 1 қаңтарында Тараздағы кластасым телефон толғады.
- Сәке, кеше «Қазақстан» каналының жаңа жылдық хабарын көрдіңіз бе? – деді.
- Жоқ. Мен мүлде ТВ қарамаймын ғой. Не бопты сонша?
- Баяғы Бейсен досыңыз қатырды. Риза болдым оған!
- Не деді сонда?
- Ол хабарды аяқтап тұрып: «Негізі бүгін мына студияда Ғалым Боқаш сияқты басы алтын азаматтар, маңдайлары жарқырап, жұртқа шабыт сыйлап елді құттықтап тұруы керек еді. Өкінішке орай олар мұнда жоқ. Енді ондай мықтылар болмағасын мен сияқты жаман-жәутіктер амал жоқ осылайша елдің алдына шығуға мәжбүр» деді. Мына бала нағыз топырақ сипат мұсылман екен деп таңғалып бас шайқадым, - деді.
- Сонда Бейсен өзінен мықтыны елдің алдында ашық мойындап, онымен қоймай Ғалымның атын эфирден өткізіп жіберген бе? Мүмкін емес. Цензурада отырған таракандар Ғалымның атын естісе инфаркт алып, жүрегі қысылып, өліп кетуші еді ғой. Ол мұны қалай жасады? Мүмкін емес!- дедім сене алмай.
- Иә, тура солай деді. Өз құлағыммен естідім. Сенбесеңіз өзінен сұраңыз,- деді.
- Құреке, құдай ақы деп айтайын. Егер Бейсен расымен де солай десе, онда бұл бала тегін болмады. Бұл бір қасиет қонған әулие болуы керек. Келешекте мұның моласына түнеген әйел Байбөрінің бәйбішесі құсап Алпамыстай ұл табады,-дедім.
- Әулие болса әулие шығар. Елдің бәрі мықтының тірсегін шайнап, өзінің атын шығара алмай тыраштанып жатқанда, бұл бала миллиондаған елдің алдында тұрып, өзін жасырып, Боқаштың абыройын асырды,-деді.
- Қазір өзімен тілдесейін, - дедім де дереу нөмірін таптырдым. Сол заматта Бейсенге тіке толғап кеп жібердім.
- Алло, бұ кім?- деді бірден танымай. (арада 6-7 жыл өтіп кеткен еді)
- Бұл мен Шәнжархан!
- Әй, сен тірісің бе? – деп таңғалды. Сөйттік те, шұрқыраса жөнелдік.
- Бейсен, саған соққан шаруамды айтайын. Сен кеше эфирден солай да солай депсің ғой. Сол рас па? Ғалымның атын қалай өткізіп жібердің? Соны өз аузыңнан сұрайын деп ем.
- Сен қайдасың?
- Ұзынағашта, үйдемін.
- Онда мен бүгін Алматыдамын. Сені көрмегелі жеті жылдан асыпты. Келсей шәй әшейік. Бәрін айтып берем,- деді.
- Болды, міне шықтым.
Екі сағаттан соң кафеде шәй ішіп отырмыз.
- Сәке, кеше қатырдым. Жаңа жылдық қарбаласты барынша пайдаландым. Қаптаған хабар. Цензура бәрін қарап тексеруге мұршасы келмей қалды. Кассетаны апарып бергенде басшы: «Бейсен, бәрі норма ма? Ішінде артық-ауыс әңгіме кетіп қалған жоқ па?» деді. Бәрі норма! Уайымдамай эфирге қоя беріңіз,-дедім. Осылайша Ғалымның атын өткізіп жібердім. Страна должен знать своих героев! – деп рақаттанып бір күліп алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет