Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Гигиеналық ваннаны өткізу



бет34/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88
Гигиеналық ваннаны өткізу
Мақсаты: Дене гигиенасын сақтау.

  • Баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру.

  • Таза жүру әдетін қалыптастыру.

  • Баланы шынықтыру.

Көрсеткіші: гигиеналық ванна өткізу мерзімі
Кері көрсеткіші: баланың ауыр жағдайы.
Керекті құралдар:

  • Шомылдыруға арналған ванна;

  • Ваннаға арналған жөргек;

  • Түкті қолғап;

  • Жылы су 37-380С, 2-3 айлық балаларға-қайнаған су;

  • Бала сабыны, дәке салфетка, 5% калий перманганат ерітіндісі;

  • Стерильді өсімдік майы (немесе присыпка)

  • су термометрі

  • су температурасы 1-20 төмен шайындыруға арналған су;

  • Жөргектеуге арналған жинақ

  • Үлкен жұмсақ сүлгі;

  • Резеңке қолғап

  • Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш

  • Кір киімдерге арналған қап;

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Ваннаның ішін дез.ерітіндімен өңдеу.

  5. Ваннаның ішін щеткамен жуып, қайнақ сумен шаю.

  6. Жөргектейтін үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүртіп, жөргекті төсеу.

  7. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті салу, су термометрін салу.

  8. Ваннаның 2/1-3/1 бөлігіне дейін жылы су 37-380С құю.

  9. Ваннадан шайындыруға арналған суды ыдыспен алу;

  10. Баланы шешіндіру, керек жағдайда жыныс мүшелерін ағын суымен жуу;

  11. Баланың шешкен киімдерін кір киімдерге арналған қапқа салу;

  12. Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу;

  13. Баланы абайлап суға салу: бірінші аяғы мен жамбасы, онан кейін денесінің жоғарғы бөлігін. Су деңгейі баланың кеуде безі тұсында болуы керек, төстің үстіңгі бөлігі ашық қалады;

  14. Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғарғы бөлігін сүйеп тұрып оң қолды босатып алу;

  15. «қолғапты» киіп (керек болған жағдайда сабындап алуға болады), баланы келесі кезекте жуындырады: бас(маңдайдан желкеге)-мойын-дене-аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын) жақсылап жуу.

  16. Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуу.

  17. Қолғапты шешіп баланы судың үстінде бетін төмен қаратып көтеріп ұстау. Баланы ыдыстағы арнайы сумен шайындыру;

  18. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстелге жатқызу, абайлап құрғата сүрту;

  19. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңдеу;

  20. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

  21. Жөргектейтін стөлден жөргектерді, «қолғапты» алып кір жөргектер салатын қапқа салу.

  22. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю;

  23. Ваннаның ішін, жөргектеу үстелін дез.ерітіндімен сүрту.

  24. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.



  25. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет