Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Нәрестенің және ерте жастағы балалардың жыныс мүшелерін жуу



бет32/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Нәрестенің және ерте жастағы балалардың жыныс мүшелерін жуу
Мақсаты: Дене гигиенасын сақтау.
Баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру.
Таза жүру әдетін қалыптастыру.
Көрсеткіші: баланың «кіші дәретке», «үлкен дәретке» отыруы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Ағынды су 37-380С

  • Дәке салфеткалары

  • Жұмсақ жөргек немесе сүлгі

  • Стерильді өсімдік майы (немесе присыпка)

  • Таза киім

  • Резеңке қолғап, дез.ерітінді



Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Ағынды судың температурасын реттеп алу (орындаушы өзінің білегінде тексереді)

  4. қолды гигиеналық әдіспен өңдеу,құрғату,стерильді резеңке қолғап кию.

  5. Баланың кірлеген киімдерін шешіп кір киім салатын қапқа салу.

  6. Баланы сол қолдың білегіне және алақанына салу, баланың басы орындаушының сол білек буынында болуы қажет.

  7. Дәке салфеткасымен ағынды судың астында жыныс жолдарын жуу. Қыз балаларда-тек алдынан артқа, жоғарыдан төмен бағытта болуы қажет.

  8. Баланы дез.ерітіндімен өңделген үстелдің үстіне жатқызып жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап сүрту.

  9. Тері қыртыстарын стерильді өсімдік майымен (немесе присыпка) сылау.

  10. Балаға таза киім кигізу.

  11. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.



Тырнақтың күтімі

  1. Баланың тырнағын нәрестелік кезеңнен бастап алу керек.

  2. Қолдың тырнақтарын доғалап, аяқтың тырнақтарын түзу алу керек.

  3. Баланың тырнағын алу үшін ұшы дөңгеленген кішкене қайшы қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет