«Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз



бет2/4
Дата08.10.2022
өлшемі65,57 Kb.
#41942
1   2   3   4
Ирредентизм - (латын. irredenta - азаттығы жоқ, terra - жер) — бір халық орналасқан, мемлекет мемлекеттік шекарамен бөлінген аумақтардың қосылуын көздейтін бағыт, қозғалыс.

Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.

  1. Шежіре (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

Дәстүр- (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі.

  1. Автохтонды мәдениет- белгілі бір аймақтың ең ежелгі халқының мәдениеті, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет.

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.

  1. Мәдени-генетикалық код - этнос мүшелерінің арасындағы ерекше өзара байланыстар . Бұл биологиялық өзара байланыс, тарихи өзара байланыс, әлеуметтік өзара байланыс болып табылады . Ұлттың мәдени - генетикалық коды нышандар мен бейнелерді , салттар мен дәстүрлерді , ғұрыптарды , музыканы , дүниенің тілдік бейнесін , фольклорды , халықтық ырымдарды , мақал - мәтелдерді , өнегелілік құндылықтарды , эпос пен тарихи мұраларды құрайды

Ұлт дегеніміз - рухани, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси байланыстармен біріктірілген адамдар қауымдастығы. Латынның natio сөзі аудармада «тайпа, халық» деген мағынаны білдіреді

  1. Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған.

Қарасүйектерді біз жай халық деп алмаймыз.Оларға батырлар,билер және малшылар,егіншілер.

  1. Төңкеріс немесе Революция [1] (лат. revolutіc – бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер.

Реформа (лат. refōrmāre – қайта құру, жаңғырту) — өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.

  1. Жәдидшілдік (араб.: طريقة جديدة‎— жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.

антүркизм немесе османизм – түркі тілдес, түр­кі-мұсылман халқын Түркияның қол астына біріктіруден туындаған ұлтшыл-буржуазиялық идеология.

  1. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.

  2. Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді бөлу, олардың арасындағы байланыстарды бұзып, өзара ынтымақты іс-қимылын жою.

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.

  1. Монархия [1] (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

  2. Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы.

Отрар - ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

  1. Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді).Үкімет басшыларрының зан орындары арқылы өз халқын , оның жекелеген өкілдерін қуғынғ а ұшыратып , жазалау шаралары

  2. Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы.

Қазақ жүздері — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

  1. Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері.

Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

  1. Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.

Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.,

  1. Репатриация[1] (лат. repatrіatіo — Отанға оралу) — түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару

Депортация (лат. Deportatio «шығару, шығарып жіберу») немесе шығарып жіберу дегеніміз - адамды немесе адамдардың бүкіл санатын басқа мемлекетке немесе басқа елді мекенге мәжбүрлеп шығару.

  1. Қазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымы. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық жаңа үрдістер және шаруа мәселесі 20-жылдардың екінші жартысынан бастап кенес мемлекеті экономикалық және саяси күйреуден арыла түсті, ЖЭС идеологиясынан бас тартып, саясатын қайтадан Қазан революциясы бағытына бұрды.

Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.

  1. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама– қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы (1723- 1725) салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейтін ұғым.

Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе "Зар Заман ақындары" деп атайды

  1. Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым.

Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады.

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D2%A3%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B

  2. ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мұсылман мектептері мен медреселерде білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде, негізінен, ер балалар оқыды.

  3. Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.

  4. Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарттар тудырды.

Ақ Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы, оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады

  1. https://assembly.kz/analitika/ortaly-aza-stanny-10-kieli-orny/

  2. Көшпенді өмірге ең колайлы, шапшаң тігіп, тез жыға салатын, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Іші қыста жылы, жазда салқын болатын киіз үй кез келген жауын-шашынға, дауыл мен боранға төтеп бере алады.

  3. 16 — 19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың құрылуы себеп болды. Мемлекеттілігі жоқ немесе одан айрылған халықтардың ұлт-тық мемлекеттер құруға ұмтылысы үстем ұлттардың қарама-қарсылығына ұшырады. Мысалы, патшалы Ресей, Германия мен Австрия-Венгрия езгісіне түскен поляк халқы, Австрия-Венгрия империясы құрамындағы чехтар, словактар, словендер, хорваттар, т.б. Осының нәтижесінде халықтардың өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне ұмтылған ұлттық қозғалыстар пайда болды. Бұл қозғалыстар демокр. сипат алып, оны ұлттық буржуазия өкілдері басқарды. 16 — 18 ғ-лар Батыс Еуропа, Солт. Америка елдері үшін ұлттық қозғалыстардың даму және ұлттық мемлекеттердің қалыптасу дәуірі болды (Нидерланд бурж. революциясы, Солт. Америкадағы Тәуелсіздік үшін соғыс, т.б.). 19 ғ-дың 2-жартысында Германия мен Италияның бірігуі аяқталып, болгар, румын, серб ұлттық мемлекеттері өмірге келді. Чех, поляк, фин халықтарының тәуелсіздік үшін күресі өріс алды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) жылдары Еуропа халықтарының гитлеризмге қарсы күресі де белгілі бір мөлшерде ұлт-азаттық сипат алды.

  4. 19 — 20 ғасырларда Ұлт-Азаттық Қозғалыснегізінен Азияда, Африка мен Латын Америкасында күшейді. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі державалардың экспансиясы бұрын-соңды болмаған құлаш жайып, отарлық жүйе пайда болды. Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері монополистік капитал тарапынан ұлттық езгі мен қанаудың нысандарына айналды

  5. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.

  6. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады. Мысалы, Қазақ жерінің батысындағы Орынбор қазақтары облысында, Бөкей Ордасында, Орал казак әскерінде қазақтардан басқа орыстар, татарлар, қалмақтар, армяндар, башқұрттар, түркімендер, өзбектер, еврейлер өмір сүрді. Ал Сібір қазақтары облысында (Қазақ жерінің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық аумақтары) орыстар, поляктар, татарлар, башқұрттар, өзбектер, қырғыздар және т.б. қоныстанды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан аумағына орыстар арасындағы ескі әдет-ғұрыпты ұстанушылар (старообрядцы) патша үкіметі мен шіркеу тарапынан жасалған әкімшілік және діни тұрғыда жасалған қысымнан бас сауғалап, сонау XVIII ғасырдың 60-жылдарында-ақ қоныстанған болатын. 1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Қоныс аудару саясатына ұйымдасқан сипат беру үшін және Қазақ жеріне шаруалардың ерікті әрі бей-берекет қоныс аударуын шектеу мақсатында 1889 жылы 13-шілдеде патша үкіметі «Қазына жеріне село тұрғындары мен мещандардың ерікті қоныс аударуы туралы және бұрын қоныс аударған аталған топтарды есепке алу тәртібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бұл ереже бойынша қоныс аудару тиісті органдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылатын болды. Сондай-ақ, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында қоныс аудару аудандары нақты белгіленді. 1891 және 1892 жылдары аталмыш ереже Торғай мен Орал облыстарына да енгізілді.

  7. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%83%D1%8B

  8. https://e-history.kz/media/scorm/263/312/text/text.htm

  9. Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.[1].Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.

  10. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96

  11. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан.

  12. https://e-history.kz/kz/projects/show/23008/



  13. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет