Тілдік құралдардың кейіпкер бейнесін берудегі қызметі



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі79 Kb.
#95044
  1   2   3

Тілдік құралдардың кейіпкер бейнесін берудегі қызметі
(Д.Досажанов шыгармалары негізінде)
Хасенова Т.Е.
«Тұран-Астана» университеті магистранты

«Жазушы кейіпкерді суреттеуде синтаксистік құрылымдарға әртүрлі стильдік жүк артады. «Стильдік жүк» дегеніміз оқырманға әсер ету үшін жұмсалатын амалдардың бірі» [1,110].


Көркем шығарманың стильдік даралығын ұйымдастырып белгілеуде тілдің құрылымдық, синтаксистік құралдарының қызметі ерекше. Жазушы үшін оның сөйлемдерінің құрылысы мен көлемі, байланысу тәсілдері мен бір-біріне орналасу реттері бәрібір емес. Сондай-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, айтылу ырғағы, керек десеңіз, тыныс белгілеріне дейін белгілі бір жүк арқалап, стильдік көркемдік қызмет атқарып тұрады» [2,62].
Көркем шығармада кейіпкер бейнесін беруде кейіпкер тілінде қолданылған қаратпа, қыстырма сөздердің де өзіндік қызметі бар. Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Қаратпа сөздердің мұндай қызметі туралы ғалым Р.Әміров былай дейді : « Қаратпа сөз сөйлемнің коммуникативтік талабына сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық түр алады. Ол бірде сөзді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылық, эмоциялықты білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне демеулік сөздерді үстейді» [3,84].
«Қаратпа, қыстырма сөздердің кейіпкер даралығын аша түсуде, оның жай-күйін, мінез-құлқын жеткізуде өзіндік орны елеулі. Бір нәрсенің жайын қоштау, масаттану, қуану, күдік, күмән, кекесін, түңілу т.б.эмоцияны жеткізуде қаратпа, қыстырма сөздердің міндеті аз емес» [4,25].
«Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа сөздердің қызметі ерекше. Олар басқа сөздермен синтаксистік байланыста айтылмағанмен мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі дәл түсіндіруге үлкен қызмет етеді»[5,183].
Қаратпа сөздер сөйлемде айтылатын ойдың не жөнінде екендігін аіғартуда, сөйлеушінің сезімін, пікірін білдіруде ерекше бір тәсіл ретінде жұмсалады. Қаратпа сөздер туыстық қатынасты, кейдк жас ерекшелігін білдіруі мүмкін. Қаратпалар көркем мәтінде кейіпкердің образын ашуға да қызмет етеді. «Қаратпа сөздер сөйлемнің коммуникативтік талабына сай түрліше мағыналық сипат алады, сонысына сай лексикалық, грамматикалық интонациялық түр алады. Ол бірде сөзді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылық, эмоцияны білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі демеулік сөздерді үстейді» [6,94]. Қаратпа сөздің қызметін анықтағанда, оларды контекспен бірге алып қараймыз.
Қаратпаларда сөйлеушінің көңіл-күйінен, көтеріңкі сезімінен, қуанышы мен қайғысынан, мысқылы мен кекесінінен хабар беріліп отырады. Мәселен, жылы ықыласты білдіретін «қарағым» қаратпа сөзі кейде мысқыл кекесіндіні де беруі мүмкін. Мысалы,
-Е, қарағым-ай, ол шалдікі алжығандық қой. Ашуланбай -ақ қой жәй айтамын. Іс тауып бер деймісің? Ха-ха- ха! Қарағым-ау, қазір көрік пен шымшуырынның заманы емес қой. Техника, автоматика, космос! (Д.Д,168). Екінші мысалдағы «шырағым» қаратпа сөзі кекесін мәнде қоданылған.
Кейбір қаратпалар кейіпкердің әр түрлі көңіл –күйлерін білдіреді де, ойды мәнерлейді. Жасы кішінің үлкенге қарата айтатын қаратпа сөздері сыйластықты, сыпайылықты, еркелетуді білдіреді де, мұнда кейіпкер есімдері қысқартылып айтылады немесе сол есімдерге –еке, -жан, -тай қосымшалары жалғанады [7,99]. Мысалы,
-Шортеке, сабыр етіңіз (Д.Д,144).
- А-а, Әліжан келдің бе? (Д.Д,163).
- Ау, Зәке! (Д.Д,369).
- Енді қайттік, ағатай?- деп Мінсіз жанарын мөлт өткізді (Д.Д,371).
-Ай, қазақтар-ай, қазақтар-ай, сендерден еш құтылмадым ғой (Д.Д,381).
Одағайлармен қатар келген адам есімінен кейін келген қаратпа сөздер көңіл-күймен қоса, сөйлеушінің кейіпкерге деген жағымды не жағымсыз қатынасын білдіреді. Кейбір жалқы есімдерге демеуліктер де үстеледі. Мысалы,
... Әй, Тоқбала, тамағыңды тездет енді! (Д.Д,138).
-Мейірбан-ай, аяқ киіміңді ки (Д.Д,142).
-Ақылбек-ау, егін піскенде жұрттық бәрі істеп қойып, сенің арқарыңның аяғына қарап отырмақ па? (Д.Д,164).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет