Саясаттану глоссарий Абсентеизм


Саяси стратегия мен тактика-



бет24/28
Дата10.12.2023
өлшемі74,53 Kb.
#135715
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Глоссарий 2023

Саяси стратегия мен тактика-партияның,мемлекеттің,қоғамдық-саяси ұйым,қозғалыстардың саяси өмір,процесте,күресте басшылыққа алатын іс-әрекеті.Стратегия деп партия қызметінің ірі тарихи кезеңдегі жалпы бағытын айтады.Тактикаға стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолында нақтылы жағдайдағы партияның іс-әрекеті,оның таяудағы мүддесін орындаудың әдіс –тәсілдері кіреді.Саяси жағдайларға байланысты тактика жиі өзгеріп отырады.
Саяси тәртіп-саяси билікті жүйеге асырудың,қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.Оған демокраиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады.
Саяси тұрақтылық-әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап,тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы.
Саяси утопия-ғылыми зерттеуге емес ,қиялға негізделген,іске аспайтын идеялар мен теориялар.
Саяси ұйым-алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік құрылымы бар,қызметтері айқындалған және жүйеленген адамдардың бірлестігі.
Сегрегация-халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік.
Сепаратизм-бөлектену,оңашалануға тырысушылық.Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы.
Соғыс-мемлекеттер,халықтар,ұлттар,топтар,ұйымдар,діндер және т.б. арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес.
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.
Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі.
Реформа – Қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне,саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу.Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.
-С-
Сайлау жүйесі- белгілі бір билік түрін,мемлекеттік өкілеттік,заң шығаратын,атқару,сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы.Сайлау жүйесі мажоритарлық,пропорционалдық,азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет