Сайлау құқығы – мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.
Сайлаушы–сайлауда ,референдумда және т.с.с. бір үміткер ұшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.
Саммит– сыртқы саяси келісімдер жүргізіп,шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
Прагматизм –алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.
Президент –1)республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы;2)сайлап қойылатын басшы,қоғамдық,ғылыми мекемелердің ,корпорация,компания және т.б. төрағасы.
Президенттік республика –конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі.
Парламент-жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган.
Парламенттік республика- конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады.Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады,сондықтан оған тәулді болады.Парламент бюджетті бекітеді,салықты белгілейді,соттарды құрады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды,соғыс аша алады,әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с.айналысады.Көптеген елдің парламенті екі(жоғарғы және төменгі)палатадан тұрады.
Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Олигархия-саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.
Оппозиция - 1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге қарсылық ету ,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элита Мемлекет –белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.
Мемлекеттік билік –барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.