Саясаттану глоссарий Абсентеизм



бет8/20
Дата12.08.2023
өлшемі55,72 Kb.
#105206
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.
Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі.
Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.
Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты.
Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.
Идеологиябелгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест жарғыларында, сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. 
Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
Иерархия-төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.
Имидж-1)басқаларға өзі туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған субъектінің сыртқы бейнесі; 2)үгіт-насихат, жарнама және т.с.с. арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар теріп, арнайы бейнесін жасау.
Иммиграция- бір елден юасқа елдің азаматының тұрақты немесе уақытша тұруға келуі. Иммиграцияның себептері экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, этникалық факторлар болып табылады.
Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет