Жеткербаева. А. Мырзағалиева. Ж. Ертайқызы. Н. Тексерген: Қоқанова. Ж. Грамматикалық категориясы



бет1/5
Дата19.11.2023
өлшемі37,59 Kb.
#124892
  1   2   3   4   5




«Грамматикалық категорияның сөз таптарына байланысы»

Орындағандар: Аманкулова.А.
Жеткербаева.А.
Мырзағалиева.Ж.
Ертайқызы.Н.
Тексерген: Қоқанова.Ж.
ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Қазақ тіл білімінде сан-мөлшер категориясы көбінесе көптік ұғым мен көптік жалғау тұлғасымен байланысты қаралып келеді. Қазақ тілінің грамматикаларында қолданылатын санмөлшер категориясы, сандылық категориясымен қоса, грамматикалық тұлға ретінде көптік жалғау, көптік жалғау категориясы немесе көптік категориясы деген терминдердің қолданылуы осының дәлелі болса керек.А. Ысқақовтың көрсетуінше, қазақ тілінде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Көптік категориясы лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы беріледі (Ысқақов,1991:39).Н. Оралбай жекешелік пен көптік мағыналардың қарама-қарсылығына құрылған жалпы грамматикалық мағыналы категорияны – зат есімнің сандылық категориясы деп қолдануды көрсетеді(Оралбай, 2007: 95). С. Исаев көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық сипатының, жалғау қасиетінің басқа жалғаулардан ерекшелігіне тоқталады. Қазақ тілінде көптік жалғау жалғау аталғанымен, тікелей көптік мағынаны білдіргенде, басқа жалғаулар сияқты қосымшаның жалғау деп аталатын түріне тән сөз байланыстырушылық қызмет атқара алмайды.Сөз байланыстырушылық сипатының болмауы жағынан көптік жалғау қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын. Ғалым көптік жалғаудың бірден-бір грамматикалық көрсеткіші деп -лар,-лер -дар, -дер, -тар, -тер формаларын танып, бұл жалғаулар қазақ тілінде өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына қарай түрленіп жалғанатындығын жазады (Исаев, 2007: 113).

Грамматикалық категория ретінде қаралатын я танылатын грамматикалық құбылыстың өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және ол мағынаны білдіретін дербес грамматикалық формасы болуға тиіс. Мысалы, тәуелдеу категориясының қазақ тілінде және басқа түрік тілдерінде өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және сол мағынаны білдіретін өзіне лайық грамматикалық формасы бар.

Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамкатикалык мағынамен байланысты болады.
Жалпы грамматикалы қ категориялар ішінара морфологиялыкқ категориялар және синтаксистік категориялар болып екі салаға бөлінеді. Осыған орай, грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексереді де, синтаксис атты тарауы синтаксистік категорияларды тексереді.

Морфологиялық категориялар деп жеке сөздердің өзгерілуі (түрленуі) арқылы туатын жалпы грамматикалық мағыналарды айтамыз. Мысалы, Құлпыртып ән салайық түрден түрге: Бастайьщ ілгері адым өрден-өрге(И. Байзақов) деген сөйлемдердегі әр сөз белгілі-белгілі морфологиялық формалар арқылы бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, тиісті грамматикалық мағыналарды білдіріп тұр. Олар мыналар: бірінші сөйлемдегі құлпыртып сөзі әуелі — т (құлпырт), одан кейін –ып (құлпыртып) формалары арқылы екі түрлі морфологиялық өзгеріске ұшырап барып, салайық сөзімен тіркесіп, екі түрлі грамматикалық мағына білдіріп түр.Ол әуелі өзгелік етіс мағынасын, одан дейін — көсемшенің негізгі істі айкындап түратын түрінің беретін мағынасын білдіреді; екінші сөйлемдегі ілгері сөзі бастайық сөзімен тіркесіп, негізгі істі айқындайтын мағынаны аңғартады, бірінші және екінші сөйлемдердегі әнді, адамды сөздері табыс септіктің -ді (-ды) формасы арқылы, салайық, бастайык, сөздерімен қатынасқа түсіп (тіркесіп), оларды іспен тікелей байланыстыратын мағына береді; түрге, өрге сөздері барыс септіктің –ге формасы арқылы құлпыртып салайық, ілгері бастайық сөздерімен қатынасып (тіркесіп), бет алыс — бағытқа меңзейтін мағынаны көрсетеді, түрден, өрден сөздері -ден формасы арқылы өздерінен кейінгі түрге, өрге сөздерімен қарым-қатынасқа түсіп (тіркесіп), істің я амалдың бір орыннан (я дәрежеден) екінші орынға (дәрежеге) кешетінін білдіріп түр.


Жар қабаққа иін тіресе салынған сарайлар, мастер-скойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, ұзын-ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне ұқсайды.(Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдегі сарайлар, мастерскойлар, складтар, атжалдар, барактар, мойындар деген сөздерді сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөздерімен салыстырсақ, әрине, олардың сыртқы морфологиялық формаларынан көптік мағына және жеке я даралық мағына аңғарылады.
Сөйтіп, сөйлемдегі сөздер өзара бір-бірімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде, әр түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырап та, оған ұшырамай-ақ әр түрлі синтаксистік тәсілдер арқылы да өзара байланысады; осындай грамматикалық қүбылыстардың арқасында сөз тұлғаларынын түрленулеріне, тіркесу тәсілдерініц құбылуларына қарай, ол сөздерге әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеліп, әр қилы грамматикалық қызмет атқару қабілеті пайда боладьі. Ол грамматикалық мағыналар мен грамматикалық формалар сөйлемдерде қолданылатын сөздердің бойындағы жалпы қасиеттері ретінде көрініп отырады. Осы себептен де грамматикалық мағыналар мен грамматикалык формалар әрқашан жалпы грамматикалық құбылыс делініп есептеледі.Мұндай жалпы грамматикалық мағына мен жалпы грамматикалық форма тұтас бір грамматикалық құбылыстың әрі өзара бірі мен бірі тығыз байланысты екі жағы ретінде, әрі сол екеуінің бірлігі ретінде қаралады. Міне, осындай бір тұтас грамматикалық құбылыс әдетте грамматикалық категория деп есептеледі.
Демек, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бар,бірге отырып оқиық,(Б.Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ (С. М уқанов); Адамды бағындырудың асылы — еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С.Мұқанов); Міне шаруа баққан момын адаммын (С.Мұқанов); Міне, енді сіз үйіңіздесіз (Ғ. Мүсірепов) деген сейлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша қүрылған. Бұл сөздердін, кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да,солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да керіктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үнемі қолданылып, әрқайсысы ез орнында белгілі мағыналар үстеп, сөздердің қызметтерін сараландырып отырады. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өздеріне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп танылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет