Саясаттану



Pdf көрінісі
бет80/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131
Бақылау сұрақтары
1.Саяси процес құрылымы.
2.Саяси процес кезеңдері.
3.Саяси саладағы қызметтің ерекшеліктері. 
4.Саяси қызмет әдістерінің ең тиімдісі. 
5.Саяси шешімдердің негізгі түрлері. 
6.Саяси шешімдер қабылдаудағы болжамның орны. 
7.Саяси процеске қатысу түрлері қандай? 
8.Қазіргі Қазақстанның саяси процесіндегі ерекшеліктер қандай? 


132
ХІ тарау
САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР  МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ 
ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1. Саяси шиеленіс туралы түсінік
Саяси  ғылымдағы  шиеленістердің  әртүрлі  жағдайларына  қатысты 
проблемалардың  жиынтығын  зерттейтін  ғылыми  және  оқу  проблемалары 
сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады. 
Жалпы  тұрғыдан  алғанда  шиеленіс қарама-қарсы  топтардың    бір-біріне 
қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы 
пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық. 
Саясаттану  зерттеулерінің  нысандары  болып  саяси  билік,  саяси  мақсат 
мәселелерімен  тікелей  және  жанама  қатысты,  саяси  сипаттағы  шиеленістер 
саналады. 
Саяси  шиеленістер  туралы  зерттеулер  өзінің  терең  тамырларын  ежелгі 
философтардан  алады.  Бүкіләлемдік  тарихта  бұл  мәселелер  біздің  дәуірімізге 
дейінгі  YІІ-YІ  ғасырлардағы  Қытай  философтарының,  Ежелгі  Грекиядағы 
Анаксимандр мен Гераклиттің теориялық пайымдауларынан мәлім. Гераклиттің 
күрес  жалпыға  ортақ  және  “барлығы  күрес  арқылы  және  қажеттіліктер 
бойынша  өтеді”  деп  түйіндегені  белгілі.  Осыған  ұқсас  ойларды  басқа  үлгіде 
Сократ, Платон, Полибий және басқалары да топшылады. 
Қоғамдағы  шиеленістерді  зерттеуге  Н.Макиавелли  көп  көңіл  бөлді.  Ол 
әртүрлі  деңгейдегі  шиеленістерді  сараптай  отырып,  олардың  қоғамдық 
процестердің  дамуындағы  жағымды  сипатын  атап  көрсетеді.  Алайда,  ХYІІІ 
ғасырдың соңына дейін саяси шиеленісті зерттеуші ойшылдар оны ең алдымен 
мемлекеттің  реттеуші  қызметі  санап,  үстемдік  ету  мен  бағыну  мәселелеріне 
жатқызды. 
Шиеленісті  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  алғаш  рет  Адам  Смит  “Табиғат 
және  байлық  себептері  туралы  зерттеулер”  (1775  ж.)  атты  еңбегінде  талдады. 
«Шиеленістің негізінде, - деп  атап  көрсетті  Смит-- қоғамның таптарға бөлінуі 
(капиталистер,  жер  иелері,  жалдамалы  жұмысшылар)  және  қоғам  дамуының 
маңызды  қозғаушы  күші  ретінде  саналатын  экономикалық  қарсыластық 
жатыр».  Сол  сияқты,  Гегельдің    қарама-қарсылықтың  күресі  туралы  ілімі 
шиеленістерді зерттеу үшін маңызды роль атқарады. Гегель шиеленістің негізгі 
себептерінің  бірі  деп  бір  жағынан  “байлықтың  жинақталуы”,  екінші  жағынан 
“таптық еңбекке қатынастағы” әлеуметтік алшақтықты көрсетеді. 
Шиеленістер теориясының дамуына, осы ілімнің мазмұнына айтарлықтай 
үлес  қосқан  ХІХ  ғасырдың  соңымен  –  ХХ  ғасырдың  басындағы  әлеуметтану 
ғылымы  болды.  Биология  ғылымының  ықпалында  болған  әлеуметтану  
шиеленістерді 
Ч.Дарвиннің 
табиғи 
іріктеу 
теориясынан 
алады, 
әлеуметтанудағы 
психологиялық 
қатынастарды 
негіздеу 
шиеленіске 
әлеуметтік-психологиялық көзқарасты таратуды алып келді. Кейін әлеуметтану 


133
шиеленістерге төмен баға беретін функционализмнің күшті ықпалында болып, 
шиеленістер мәселесі әлеуметтанудан ығыстырылғандай жағдайға жетті. 
Алайда,  ХХ  ғасырдың  50-жылдарынан  бастап  әлеуметтік  шиеленістерді 
қоғамның ішкі өміріне ықпалы бар құбылыс ретінде қараған арнаулы еңбектер 
пайда  бола  бастады.  Л.Козердің  (АҚШ)  “Позитивті-функционалды  шиеленіс”, 
Р.Дарендорфтың  (Германия)  “Қоғамның  шиеленісті  моделі”,  К.Боулдингтің 
(АҚШ) “Шиеленістің жалпы теориясы” концепциялары саяси ғылымда кеңінен 
танымал болды.
Жоғарыда  аталған  ғылыми  еңбектермен  мұқият  танысқанда  шетелдік 
саясаттанушылардың  шиеленісті  мәселесін зерттеудегі таным  аппаратын және 
осы  мәселені зерттеудегі  символика - логикалық талдауда үлкен жетістіктерге 
жеткені аңғарылады. Әлеуметтік шиеленістің шығуы мен оның себептері, даму 
бағыты, шешу әдістері осы зерттеушілердің еңбектеріндегі ең басты құндылық. 
Жалған  бағалардан,  деректер  мен  айғақтарды  өз  бетінше  таңдаудан 
сақтандыратын нақты, сызба түріндегі модельдер бейнесінде берілді. 
Әлемнің  осы  заманғы  дамыған  елдеріндегі  әлеуметтік  шиеленістер 
туралы  концепциялардың  кеңінен  таралуы  және  ұтымды  пайдаланылуы, 
сондай-ақ  оларды  жасаушылардың  қоғамдағы  жоғары  беделі  бұл 
концепциялардың  негізінен  әлеуметтік  таптардың  абстрактылы  мүдделеріне 
қатыссыз,  жалпыадамзат  көкейіндегі  мүддені  және  олардың  тікелей 
қажеттілігін  көздейтіндігінен  көрсетеді.  Мысалы,  АҚШ-та  саясаттану  беделді 
қоғамдық  ғылымдардың  біріне  айналып,  шиеленістерді  реттеу,  шиеленіс 
жағдайларын  меңгеру  теориясы  ретінде  қалыптасты.  Оның  практикалық 
маңызы  әлеуметтік  құбылыстарды  қоғамдық  танымды  реттеу  үшін  таным 
деңгейі  шеңберлерін  жоғары  алып,  саяси  шиеленістерді  шешудің  ғылыми 
жолдарын  қалыптастыру. 
Шиеленістанудың даму эволюциясындағы көрнекті зерттеулер қатарына 
Е.Б.Черняктың  “Ғасырлық  шиеленістер”  (Мәскеу,  1988)  кітабын  жатқызуға 
болады.  Ғалым  бұл  еңбегінде  саяси  шиеленіс    мәселесін  бүкіләлемдік  тарихи
материалдар  негізінде  зерттеген.  Ежелгі  Рим  мен  ерте  христиандықтың, 
Византия  мен  Араб  халифатының,  ортағасырлық  папа  мен  империяның 
қақтығыстарына,  сондай-ақ  түрік  анычарлары  мен  герман  ландскнехтері, 
британ  пираттары  мен  испан  инквизиторларымен  болған  соғыстарға,  ал  жаңа 
дәуірде  –  реакцияшыл  күштер  мен әртүрлі әлеуметтік  қақтығыстарға  кең 
көлемде талдау жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет